Мырзатай Жолдасбеков: Қорқыт мұрасының ЮНЕСКО тізіміне енуімен сырбойылықтарды құттықтаймын

68

0

Қазақ даласында байырғы заманнан бері осы уақытқа дейін екі ортада небір даңқты көсемдер, шешендер, даналар, билер батырлар болған. Кеше Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» дейтін мақаласында осы ұлы даланың тұлғалары туралы сериялар шығару, олар жайында аллея жасау мәселесін тапсырып отыр. Өте дұрыс, кезінде қазақ даласында неше түрлі мемлекеттер болған. Тарихтан белгілі үйсін, қаңлы, сақ, ғұн мемлекеттері, әлемді үш ғасыр билеген Түрік қағанаты, одан бергіде қарахан, қарлұқтар мемлекеті, Дешті қыпшақ кешегі қазақ хандығы дейтін мемлекеттер осы ұлы далада тәуелсіз өмір сүрген.

Кезінде бізді әртүрлі саясатпен ілімі жоқ, білімі жоқ тұлғасыз ел қылып тарихта көрсетті. Тарихымызды саясаттан жасадық, ал шынтуайтына келгенде тарихты жасайтын тұлғалар. Біз осы ұлы тұлғаларымыз туралы айтуға аузымыз бармады. Оның бәрін мансұқ етті. Олардың барлығын дінсіз деді. Қазақ даласында дүниеге келген тұлғалардың бірі бірегейі ол-Қорқыт бабамыз. Қорқыт ата ұлы жырау, атақты қобызшы, керемет шешен көсем адам болған. Түрік дүниесіне мәлім кісі болған. Кезінде Қорқытты шаман деді, дін деді сонымен халықты Қорқыттан бездіргісі келді, бірақ халық одан безе қойған жоқ. Қорқыттың кіндік қаны тамған жерде, Қорқыттың мәңгі жатқан жері де ол біздің қазақ даласында-Қызылорда облысында – Сырдың жағасында жатыр. Біз тарихқа, қорқыт бабамызға табынатын, солардың өмір сүрген дәуірін аңсайтын, сағынатын уақытымыз болды. Қазіргі таңда тәуелсіздігімізді алғалы ойымыздағылар болып жатыр. Соның бірі мына Қорқыт бабамызды дүниежүзілік ЮНЕСКО тізіміне кіргізу. Мен шын жүректен қазақ халқын, жалпы түркі дүниесінің перзенттерін, бабамыздың жатқан жеріндегі, Қызылорда облысындағы бауырларымды шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі таңда Қорқыт бабамыздың атындағы университет бар, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде ғылыми зерттеу институты бар. Біз қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Біз кезінде осы мұраларға терең бара алмадық. Қазір Құдайға тәуба, Астанадаға ұлттық өнер университетінің Қорқыт ата атындағы ғылыми зерттеу институты бір қатар игілікті істерді жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда қарамағымда магистрантым бар. Қорқыт атаның күйлерін зерттеп және «Қорқыт ата жайындағы аңыздар және олардың тарихи негіздері» деген диссертация жазып жатқан менің шәкіртім бар. Қорқыт атаның қалған  асыл мұраларын жинақтап, ХІІІ ғасырда қағазға түсірген. Одан қалған екі кітап бар. Бірі Ватиканның кітапханасында тұр, Дрезден кітапханасында тұр. Бұл кітаптар төрт тілге аударылған. Бірақ қателіктер толып жатыр. Баяғыда «Книга моего деда Коркыта» деген орыс тіліндегі кітаптан қазақ тілінде аударылған. Онда көптеген ойлар айтылған. Біз қазір біздің институтымызда Қорқыт бабамыздың Дрезден нұсқасын аударып жатырмыз. Бұны Құдай қаласа келесі жылы бітірсек елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» дейтін мақаласын жүзеге асыруға тікелей байланысы сәйкес келеді. Келесі жылы Құдай қаласа түрік тарихында үлкен оқиға болайын деп тұр деп ойлаймын. Осындай жақсылықтар бола берсін, шын жүректен құттықтаймын. Амандықта болайық!

 

 

Мырзатай Жолдасбеков,

филология ғылымдарының докторы

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз