Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асуын талқылады

355

0

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен достық үйінде «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының  кезекті отырысы өтті.
  Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысып, Елбасы ұсынған«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»  бағыттарының аймақта жүзе асуын талқылады.
Жиынды обыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып жүргізді. Ол өз сөзінде барлық азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартып отыру – мемлекет саясатының басты мақсаты екенін атап өтіп, көп­тен күткен, бәріміздің ойымыздан шыққан жарқын бастаманың әрбір бағытының орындаулын Елбасы «Нұр Отан» партиясына тікелей бақылауды тапсырғандығын айтты.
– Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау үшін республикадан бастап, барлық өңірлерде Қоғамдық кеңестер құрылды. Өңірлердегі  кеңестер құрамына  еліміздегі жетекші саяси партиялардың аймақтық өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар және сарапшы мамандар мүше болды. Бұл кеңестер Елбасы бастамаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жалпыхалықтық бақылауды қамтамасыз етіп, әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізіп, оны тұрақты бақылайтын болады. Сондай-ақ бағдарламаның орындалу барысы туралы халыққа ақпарат беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, Елбасы бастамаларын жүзеге асыру кезіндегі мәселелерді анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын ұсынатын болады», – деді Ибадулла Құттықожаев.
Жиын барысында коалиция өкілдері бес бастаманың әр қайсысы бойынша тиісті мамандардың хабарламаларын тыңдады.
Мәселен, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов жоғары білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстарды баяндап, жатақханалар жайымен таныстырды.
 Аймақта техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын30 колледж бар. Алайда мемлекеттік 16 колледждің 5-де жатақхана жоқ, 1-не қосымша жатақхана құрылысын салу қажет етіледі. Сонымен бірге, 14 жекеменшік колледждің 6-да жатақхана жоқ, жаңадан жатақхана құрылысын жүргізу қажет.
Хабарлама барысында Жасұлан Шынтасов жалпы жатақханаға қажеттілік 1525 орынды құрайды. Қазіргі таңда, жатақхана ғимаратының құрылыстарын салу мәселесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде жүзеге асыру қолға алынып отырғандығын атап өтті.
 Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов шағын несие беруді көбейту жұмыстарына тоқталды.
– Биылғы  жылды  біз облыс әкімінің қолдауымен «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап, жалпы бюджеті 32 млрд. теңгені құрайтын кәсіпкерлікті дамытудың «Жол картасын» бекіттік. Соның ішінде, «Стартап» жобаларға 3 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылды. Бұл кемінде 500-ге жуық жобаны несиелендіруге мүмкіндік береді»,- өңірлік  палата басшысы Ғалымбек Жаксылықов.
Коалиция өкілдері әрбір бастаға қатысты жұмыстарды күшейту бағытында өз ойларын ортаға салып тиісті ұсыныстарымен бөлісті. Ұсыныстар жинақталып хаттамаланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<