Қазалы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

1336

0

Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Тілеуімбетов Дәурен Оңғарбайұлы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


Дәурен Оңғарбайұлы 1985 жылы Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін журналист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы аудандық «Қазалы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.


2011-2020 жылдары аудандық «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Қазалы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Қазалы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


2020 жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<