Қазалыда кәсіпкерлік нысандар саны көбейді

455

0

Қазалыда өткен жылы 27 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді.

Мәселен ауданда алғаш рет сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймасы ашылды. Сондай-ақ, сауда үйлері, көлік жуу кешені, жанар – жағар май бекеттері, жылы жай және мейрамхана салынды. Ал биыл жаңадан 25 нысан бой көтереді.

– Ауданда жылдан-жылға шағын және орта бизнес өкілдерінің саны артуда. Өткен жылы 1289 кәсіпкер тіркелді. Сондай-ақ, өз кәсібін дөңгелетем деген 1250 адамға мемлекеттік бағдарламалар арқылы 3 млрд. теңге көлімінде қайтарымсыз грант және несие берілді. Жұмыссыздық мәселесінің алдын алу мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы арқылы бірқатар жобалар дайындалып, қолдау тапты. Нәтижесінде 933 тұрғынды уақытша жұмыспен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 928 тұрғын 555 мың теңгеден қайтарымсыз грант алды. Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтардың кәсіппен айналысып, өз-өзін жұмыспен қамтуға септігін тигізді, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев.

Қазалыда өткен жылы мың жарымнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<