QazaqGeography экспедициясы Аралға аттанады

300

0

10 мамырда  Астанадан Солтүстік және Оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция аттанады, деп хабарлайды QazaqGeography ұлттық географиялық қауымдастығы.
 Сапар Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы шамамен 7 000 шақырым жерді қамтиты. Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Үргеніш – Нүкіс – Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағыты бойынша 20-ға жуық адам барады.
QazaqGeography-дің Арал теңізіне алғашқы экспедициясы 2016 жылы жүргізілген, ол кезде Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының экспедициясы құрамында Солтүстік Аралдың бірнеше бөлігіндегі судың гидробиологиялық жай-күйін зерттеген болатын.
Сол уақытта ғалымдар Солтүстік Аралдың орташа тұздылығының төмендеу үрдісін анықталы. Бұл Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанына алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді. 2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог-ғалымдарымен бірлесе отырып  Оңтүстік Арал да зерттеледі.
Жұмыстың нәтижелері бойынша планктон қауымдастықтарының биоалуантүрлілігі, гидрохимиялық құрамы, трофикалық күйі мен биогендік элементтердің концентрациясы, судың сапасы және пестицидтермен ластануы туралы мәліметтер жиналады. Алынған материалдар өткен онжылдық деректерімен салыстырылады, бұл Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесін дамыту туралы алдын ала тұжырымдар жасауға жол ашады.
Сонымен қатар, экспедицияның тағы бір мақсаты – Арал өңірі бойынша туристік бағыттар картасын құру, сондай-ақ бірегей фото және бейнематериалдар жинау.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<