Қазгидромет: Қыркүйектің 14-і күнгі ауа райы болжамы

432

0

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды.

Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түсіп, күндіз шығысында, оңтүстігінде жел секундына 18 м/с жылдамдықпен соғады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<