Қызылорда облысында 51 адам коронавирус жұқтырды.

501

0


Қызылорда облысында өткен тәулікте 51 адам коронавирус жұқтырды.


2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 16 993 науқас тіркеліп, 15 259 емделіп шықты.


Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен 51 жағдай (Қызылорда қ. – 32, Қазалы – 1, Қармақшы – 1, Жалағаш – 2, Сырдария – 4, Шиелі – 4, Жаңақорған – 7) тіркелді, 152 науқас (Қызылорда – 77, Арал – 12, Қазалы – 5, Қармақшы – 14, Жалағаш – 5, Сырдария – 3, Шиелі – 22, Жаңақорған – 14) емделіп шықты.


2021 жылғы 13 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Қызылорда облысы «сары» аймақта тұр.


Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 842 587 жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<