Қызылордада биыл 165 өрт оқиғасы тіркелді

570

0

Бүгін баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып өтті.


Қызылорда қаласында жыл басынан бері әртүрлі сипаттағы 165 өрт оқиғасы орын алған. Оның ішінде тұрғын үйлерде 114 өрт оқиғасы, көмірқышқыл газына улану фактісі бойынша 3 жағдай, табиғи газға улану фактісі бойынша 1 жағдай тіркелген.


Бұған көп жағдайда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын орындамай, жабдықтардың орнатылуына салғырт қарауы себеп болып жатады. Мәселен, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеу, электр сымдардың дұрыс жалғанбауы мен ескіруі, балаларды қараусыз қалдыру және пештің түтін шығу жолдарын тазаламау өрт оқиғаларына әкеп соқтыруда.


Қазіргі таңда газдан келетін оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында мейрамханалар мен тамақтану орындарында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.


Өткен жылы әлеуметтік тәуекел топтарына кіретін отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктердің 330 данасы орнатылса, биыл датчик 350 отбасыға орнатылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<