Қызылорда көшесінде атыс болды

302

0

Қызылорда қаласындағы шағын аудандардың бірінде 29 шілдеде түнде атыс болды.


Мәлім болғанындай, оқиға 29 шілдеде сағат 22.30 шамасында облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданында болған. Тұрғындар көшеден қарумен атыс дауысын естіген.


Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.


«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіндегі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті департаменттен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз