Роналду мансабында 60-рет хет-трик жасап, рекорд орнатты

672

0

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 60-хет-трикін жасап, футболшылар арасында рекорд орнатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Манчестер Юнайтед» ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 33-ші турындағы ойында «Норвич Ситиді» 3:2 есебімен ұтты. Бұл матчте Криштиану Роналду зет-трик жасады. Үшінші голды португалиялық «Манчестер Юнайтед» футболшысы айып добынан соқты.

Роналду осы маусымда екінші рет хет-трик жасап отыр. Бұған дейін «Тоттенхэм» қақпасына үш гол соққан (3:2). Сондай-ақ, ол маусымда бесінші рет екі немесе одан да көп гол соқты.

Криштиану мансабында 60-шы хет-трик жасады (оның оны Португалия құрамасы сапында). Бұл барлық футболшылар арасындағы үздік нәтиже. Роналдудың артынан «ПСЖ» шабуылшысы Лионель Месси келеді, оның мансабында 55 хет-трик бар.

37 жастағы Роналду «МЮ» сапына 2021 жылы қайта қосылған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<