Әріптесіміз Толқын Қабылша – қайырымдылық жобасының жеңімпазы

538

0

Кеше елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залында «Қайырымдылық керуені» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Олардың қатарында «Qazaqstan» республикалық телеарнасы  Қызылорда облыстық филиалының тілшісі Толқын Қабылша да бар.
Әріптесімізге «Қайырымдылық тарихы» номинациясы табысталды. Толқын қайырымдылықпен айналысады, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету шараларына да белсенді атсалысады.
Жомарт жандарға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы құрмет көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<