Сексеуілде 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлағандар ұсталды

963

0

Арал ауданы, Сексеуіл кентінде орналасқан ЖШС ғимаратының есігін сындыру арқылы кіріп, ішінде тұрған темір сейфті бұзып, 3 700 000 (үш милион жеті жүз мың) теңге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.


Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел жұмыстары нәтижесінде ізін суытпай үш күдікті азамат, 22-23 жастағы кент тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде ұрланған ақша алынды.


Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<