Шиеліде екі бала көлге батып кетті

953

0

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 2 жасөспірім көлге батып кетіп, көз жұмды.


Оқиға бүгін, 18 наурызда сағат 12.45 шамасында болған. Сол уақытта Шиелі аудандық полиция бөліміне хабар келіп түскен. Аудандық жедел жәрдем бөлімі мамандары телефон арқылы оқиға барысы жөнінде хабарлаған. Онда Шиелі кенті, Н.Бекежанов көшесінде тұратын 2 жасөспірім баланың көлдегі суға батып қайтыс болғаны туралы айтылған.


«Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып тексеру жүргізді. Зерттеу барысында 2015 жылғы ұл бала мен 2015 жылғы қыз баланың үйіне 5-8 метр жерде орналасқан «Сүйіндік» көлінің үстіндегі мұзда ойнап жүріп, суға батып қайтыс болғаны анықталды. Жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта тұрғындар күшімен судан мәйіті (киіммен) шығарылды. Қайғы жамылған отбасына аудан әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», – деп мәлім етті Шиелі аудандық әкімдігінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<