Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде жер қойнауын зерттеу жұмысы жүргізіледі

533

0

Биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмысы жүргізіле бастайды. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халықпен есепті кездесуінде сөз болды.

– Өте қымбатқа түсетін жұмысты бастау үшін республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр. Бұдан басқа, аз зерттелген Оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Ол үшін республикалық бюджеттен тағы 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуі үшін жұмыс жасаймыз, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, биыл тау-кен саласын дамыту мақсатында «Талап» қорғасын-мырыш кен орны мен «Ақ еспе» титан-цирконий кен орнын барлау жоспарланып отыр.

«СБ»-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<