Шыны зауыты қашан іске қосылады?

310

0

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдындағы есеп беру кездесуінде шыны зауытының қашан іске қосылатыны айтылды. Бірнеше рет құрылтайшылар арасындағы келіспеушілікке және мердігерлердің өзгеруіне байланысты зауыттың іске қосылу мерзімі кейінге шегеріліп келген болатын. Зауыт биыл шілде айында жұмысын бастайды деп күтілуде. Бұл туралы «Орда Гласс ЛТД» серіктестігінің директоры Ержан Сағымбаев айтты.

– Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары толыққанды жүргізілуде. Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында орын алған жағдайларға байланысты бірқатар қиыншылықтар туындады. Себебі, монтаждау жұмыстарын жүргізетін Қытай мердігерлері қолдарында рұқсат визасы болса да елімізге кіре алмай, зауыттағы жұмыстарына кірісе алмай отыр. Туындаған мәселелерді шешуге байланысты қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл мәселелер уақытында шешімін тапқан жағдайда зауытты шілде айында іске қосу жоспарлануда. Мәселе шешілмесе, зауыттың іске қосылу уақыты созылуы мүмкін. Бұл жобаның Сыр еліне ғана емес, бүкіл республика үшін маңыздылығын ескеріп, уақытында іске қосуға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз деп халық алдында сенім білдіремін, – деді Ержан Сағымбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<