Стандарттаудың негізгі мақсаты − отандық өнімнің сапасын жақсарту

787

0

Стандарттаудың негізгі мақсаты − отандық өнімнің сапасын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығы Бауыржан Қарсақбаев ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын түсіндірді.


«Дәстүр бойынша стандарттау күні еліміздің барлық аймақтарындағы Мемлекеттік стандарттар ұйымдары түрлі форматтағы іс -шаралар өткізеді.Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты − техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы қызметке назар аудару және қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуде стандарттардың рөлін көрсету болып табылады. Стандарттаудың ұлттық жоспары үш жылға жасалады. Келесі жылы 355 стандарттар әзірлеу жоспарланған. Стандарттау нысандарының қауіпсіздік мәселелерін мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайды. 2012 жылы нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры құрылды. Ол «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес жұмыс істейді. Негізгі мақсаты – кең ауқымды пайдаланушыларға нормативтік техникалық құжаттардың қол жеткізімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ақпарат таратудың бірыңғай электрондық жүйесін қалыптастыру. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорды құрып жинақтау көзі нормативтік техникалық құжаттарды бекітетін мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар болып табылады», – деді Бауыржан Бақытбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<