Сырдария ауданында мал басы көбейді

807

0

Ауданда егін шаруашылығымен бірге, өңір экономикасының негізгі резервінің бірі – мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.


Аудан бойынша бүгінгі таңда 34 мың бас мүйізді ірі қара, 29 мың бас қой мен ешкі, 17 мың бас жылқы, 1,5 мың бас түйе, 13 мың бас құс өсірілуде.


Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл көлемінде 684,9 млн. теңгеге 2 мың бас мал алынып бағылуда. Бұл өз кезегінде мал басын 5,3 пайызға ұлғайуына ықпал етті.


Есепті мерзімде 2783 тонна ет, 5261,4 тонна сүт, 139 мың дана жұмыртқа өндірілді. Биылғы жылы 310 гектарға егілген картоптан 6572 тонна өнім алынды (әр гектардан 212 цн). Бұл аудан халқын 170 пайызға картоппен қамтуға жеткілікті. Сол себепті, Қызылорда қаласының тұрғындарына жергілікті картоп сатылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<