Қызылордада цифрландыру саласында 40 жоба жүзеге асырылуда

242

0

 Бұл туралы «Baikonyr Invest» Х халықаралық форумында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
Жобалар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.
«Бүгінде аймақта білім беру, денсаулық сақтау, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, көлік және қауіпсіздік, бизнес салаларында жалпы құны 4,4 млрд.теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылуда», – деді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.
Осылайша, қауіпсіздік саласын цифрландыру бойынша 5 жоба жүзеге асырылады: 2020 жылдың соңына дейін 1400 бейнекамераны орнатылады және облыс орталығында жол қозғалыс ережелері бұзушылықтарын тіркейтін 31 жүйе іске қосылады. Сондай-ақ, пилоттық режимде 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды, ол жедел-жәрдем, полиция, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газбен қамту, анықтама қызметін біріктіреді.
Өнеркәсіп саласын цифрландыру шеңберінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай өндіруді 1-2 процентке дейін ұлғайтуға, жөндеу аралық кезеңді 700 күнге дейін ұзартуға, операциялық шығындарды 10 процентке дейін қысқартуға және басқарушылық шешімдердің тиімділігін 20 процентке дейін арттыруға мүмкіндік беретін «Ақылды кен орны» технологиясын енгізу бойынша жұмыстар басталды.
Қызылордада «жасыл» экономиканы дамытуға арналған «Baikonyr Invest» Х инвестициялық форумы өтіп жатыр.
Форум аясында пленарлық отырыс пен «жасыл» экономиканың жеті негізгі бағытын қамтитын 4 секцияның жұмысы өтті: «Жаңартылатын энергия көздері» бойынша жобаларды енгізу мәселелері, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру», «Цифрландыру. Smart city», ауылшаруашылық өнеркәсіп кешеніндегі «Жасыл технологиялар», су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру», «Жасыл экономиканы дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері», сондай-ақ B2B, B2G, G2G форматындағы кездесулер өтуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<