ҚЫЗЫЛОРДАДА «МӘНШҮК МАРШЫ» ШЕРУІ ӨТТІ

404

0

Қызылордада 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі өтті. Студент қыздардан құралған колонна Мәншүк Мәметова ескерткішінен бастап қала көшелерімен жүріп өтіп, тағзым алаңына жетті. 
Мәңгілік алау жанында сап түзеп, соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті.  Мұндай шара былтыр Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Бастама қолдау тауып енді жыл сайын Жеңіс күніне арнап дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.
Ақбота Мұқашева, шеруге қатысушы:
– 16 жасынан қаймықпай, соғысқа аттанып, өзінің батырлық істерін, ержүрек, жауға қарсы батырлығын көрсете білді. Міне, осындай апаларымыздың ұрпақтарымыз.
«Қазақстан ұлттық арнасы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<