Қызылордада жылу бағасы қымбаттайды

321

0

Қазан айынан бастап, Қызылорда қаласында жылу ақысы 1,6 процентке қымбаттайды. Яғни әр шаршы метр үшін 1 теңге 75 тиын қосылып отыр. Коммуналдық төлем бағасының өзгеруіне биыл жаздағы газ құнының өсуі әсер еткен.
Ал «Қызылорда жылу – электр орталығы» жылу энергиясының 60 процентін көгілдір отыннан алады. Қалған шығындар өзгеріссіз қалды. Қызылорда облысының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мәліметі бойынша жыл соңына дейін ауызсу және электрмен жабдықтау қызметінің ақысы өзгермейді.
Гүлмира Өтегенова, облыс бойынша ТМРБҚ департаменті басшысының м.а.:
– Тарифке өзгеріс енгізудегі басты себеп 2018 жылдың шілде айынан бастап газ бағасының 6,3 процентке қымбаттауы. Жылу есептеу құрылғысы жоқ тұрғындар бұған дейін әр шаршы метр үшін 109 теңге 79 тиын төлеп келсе, қазан айынан бастап әр шаршы метрге 111 теңге, 33 тиын төлеулері тиіс. Яғни бір шаршы метр үшін жылу бағасы 1 теңге 75 тиынға өсіп отыр.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<