Қызылордалық ауыр атлет Азияның ең үздік спортшысы атанды

319

0

16 жастағы қызылордалық ауыр атлет Рахат Бекболат жастар арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағына ие болды, деп хабарлады облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

«Рахат Бекболатқа 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағы берілді! Құттықтаймыз! Жарайсың, Сыр спортшысы!» – делінген хабарламада.

Қызылордадағы ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Азия біріншілігінде қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. «Серпе көтеру» жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Осылайша, Рахат Бекболат Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағына қол жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<