Қызылордалық \»Dalatex\» компаниясы маска шығара бастады

260

0

Елімізде масканың жетіспеушілігіне байланысты қызылордалық «Dalatex» ЖШС маска шығара бастады. 
Компания осыған кезге дейін ерлер жейдесін шығарумен танымал болатын. Бүгінде «Dalatex»-тің өндірістік қуаттылығы тәулігіне 10 мың дананы құрайды. Өнім Қызылордадан бөлек, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматыға жөнелтіледі.
Айта кету керек, коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және ҚР-дың негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құрылғанын хабарлайды. Жедел штабтың міндеттері:
-бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);
– бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;
– бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);

– бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.

Фото: көрнекі сурет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<