Қызылордалық имамдар ардагерлерді ардақтады

344

0

ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының бастамасымен аймақтағы барша имамдар Сыр өңірінің ардагерлерін арнайы зиярат етіп, ардақтады.
Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін, болашақ ұрпағы үшін еш қаймықпай, ерлікпен шайқасқан бүгінгінің батырлары құттықтап келген имамдарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Кешегі сұрапыл соғыста бастан кешкен, бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлық, оқиғаларын қаз қалпында суреттеп берген қарияларымызға
– Сіздердің Отансүйгіштіктеріңіздің арқасында біз бүгінгідей бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз! Сіздердің Отан үшін, жер үшін, біз үшін, болашақ ұрпақ үшін жасаған ерліктеріңіз ешқашан да ұмытылмақ емес!» – деп өкіл имам бұқара халықтың атынан тағзым етіп, алғысын жеткізді, арнайы сый-сияпатын ұсынды.
Қазіргідей бейбіт заман үшін Аллаға шүкір айтып, тәуелсіздігіміз баянды болып, халқымыз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз бақытты болуын тілеп дұға етті.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Б.Абуов, сенатор Б.Еламанов, Нұр Отан партиясын облыстық филалиы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысы Қ.Баймаханов, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен Қала әкімі Н.Нәлібаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлердің құрметіне берген ас дастарханы басында егемен елдің ержүрек батырларына мерекелік сый-тартулар ұсынылыпп, құрмет көрсетілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<