Нұротандықтар игі істің ұйытқысы болды

376

0

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев бастаған ауған соғысының ардагерлері игі істің ұйытқысы болды. Олар төсекке таңылған азаматқа қоларба сыйлады.
І топ мүгедегі Үрекбай Нұрсейітов бүгінде бел омыртқа зақымы салдарынан екі аяығынан айырылып, төсекке таңылған. Тұрмыс жағдайы да орташа. Екі бөлмелі пәтерде жұбайы және 1 қызымен тұрады.
1986 жылы «КызылордаСтрой» Трестіне қарасты «СуЖолСтрой» мекемесінде өндірістік жарақат алып,«Травматическая болезнь спинного мозга при компрессионном переломе Д12 позвонков с нижним парапарезом и с нарушением тазовой функции» диагнозымен І топ мүгедектігі берілген. 2014 жылы курорттық емделуге, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне және оңалту орталығына мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген. Алайда, бүгінгі күні өндірістік жарақат алған мекеменің тарап кетуіне байланысты әлеуметтік қолдауларға қол жеткізе алмай отыр. Нұротандықтар барлық жағдайыды ескеріп, Үрекбайдың кресло – қорапқа мұқтаж екендігін анықтап,  оның көңілін сұрай келіп, қоларба табыс етті.
-Өзімнің қоларбам әбден ескірген. Мұнымен сыртқа шықпақ түгелі үйде жүруге қорқасың. Рамазан айында мені елеп, ескеріп сыртта жүруге қолайлы арба әкеліп отырған сіздерге алғысым шексіз. «Нұр Отан» партиясы мүгедектерге барынша жағдай жасап жатыр.Биз шексіз ризамыз»,- деді көзінен қуаныштың оты сезілген Үрекбай Нұрсейітов.
-Партия қабылдауына Қыдырбай Сапарәлиев деген азамат өзін  Ауған соғысының ардагері ретінде таныстырып қоңырау шалды. Ол қоларбаға мұхтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік көрсетуге дайын екендігін айтты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініші кезек күттірмейтін мәселе. Біз дереу мұхтаждарды анықтауға кірістік. І топ мүгедегі Үркебайдың өтініші осылайша шешімін тауып отыр.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы – халықпен байланыстың тиімді арнасы болғандықтан, тұрғындардың түрлі өтініштермен партияға келуі, партияға деген сенімділік болса біздер үшін зор жауапкершілік»,- деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы  қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгершісі Мақсұт Баекеев.
Жалпы жыл басынан бері облыстық партия филиалының қабылдауына тұрғындардан 1377 өтініштер түсіп, олардың 502-і яғни, 36,5 пайызы  оң шешілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<