ЖАҢА ЦЕХТА – ЕТ ӨНІМДЕРІ

352

0

Қызылорда қаласында ет өнімдерін өндіретін тағы бір заманауи «Смағұл» мал бордақылау алаңы іске қосылды. 300 миллион теңгелік жоба «Алтайбаев» ЖК есебінен жүзеге асырылып отыр. 3 мың шаршы метрлік цех тәулігіне 50 бас мал сою пункті мен 200 бас мал бордақылау алаңы бар. 

Бизнестің әлеуметтік жауап­кер­шілігін арттыру аясында ашыл­ған өндіріс орны 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр. Ны­сан­­ның ашылу салтанатына об­лыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Қала әкімі бұған дейін де маңыз­ды жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің экономикалық әлеуе­тінің артуына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер Таңат Смағұловқа алғысын жеткізді.

Соңғы жылдары қаланың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде Ел­басының осы салаға жасаған зор қол­дауы мен «Агроөнеркәсіп ке­ше­нін дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында мал шаруа­шы­лығын өркендетуде өрелі істер мен тың жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, соңғы екі жылдың өзін­де өңірде мал шаруашылығын да­мы­туға тартылған қаржы көлемі 700 млн теңгеге жетті. Ауқымды жұмыстардың арқасында, мал саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 50 мың басқа артқан. Оның ішінде мүйізді ірі қара 114, жылқы 107, түйе 102, уақ мал 109 % артып отыр.

Қалада ауыл шаруашылығы өн­ді­рістік кооперативтерінің са­ны 27-ге жетті. Оның ішінде мал бор­дақылаумен айналысатындары – 18. Осы жұмыстар арқасында ет өн­діру 110 процентке жеткен. 2017-2018 жылдары ауыл шарушылығы өндірістік кооперативтері «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 495 млн 800 мың теңгеге ет және сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малын сатып алып, қазіргі таңда қала халқына қолжетімді бағада өз өнімдерін ұсынып келеді.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<