Жаппай қысқарту – мұнай өндірісінің кемуіндегі басты мәселе

497

0

Сыр өңірінде мұнай өндіру көлемі жыл сайын орта есеппен 10-12 процентке қысқарып отыр. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов халықпен есепті кездесу жиынында жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты аталған үрдіс жалғасатынын жеткізді.
– Бұл өнеркәсіп өнімін өндіру көрсеткішіне ғана емес, барлық салаға, әсіресе, мұнайшылар тапсырысын орындайтын мұнай сервистік кәсіпорындар қызметіне тікелей немесе жанама түрде әсер етуде. Тек соңғы жылы мұнай өндіру 830 мың тоннаға, ал соңғы 7 жылда 5 млн тоннадан астам, яғни 2 есе қысқарды. Мұндағы мәселе – екі есе қысқарған бюджеттің едәуір шығындары ғана емес, ең бастысы, жаппай қысқарту қаупі, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Еске салсақ, өңірдің мұнай-газ саласында қазіргі күні шамамен 15 мың адам жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<