Жас табиғат зерттеушілері облыстық форумда бас қосты

303

0

Қызылорда облыстық білім басқармасының  «Дарын» облыстық  қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттары базасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілді.

 Форумға аудандық, қалалық және облыстық мекемелердің жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің жеңімпаз топтары мен қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.  Жоғарғы дайындықпен келген 11 команда мен жүзге жуық оқушы «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем», «Мерейтойыңмен, Астана»-фитодизайнерлер байқауы, «Қалдықтардан-табыстарға»- оқушылардың қолдан жасаған бұйымдары көрмесі, «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» квест аясында денсаулықты сақтау, табиғат ресурстарына ұқыпты қарау мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды қорғау жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ шеберлік пен ұқыптылықты, ұшқыр ойлылықты талап ететін қолдан жасаған туындыларын ұсынды.  Қазылар алқасын бірі тұрмыстық қалдықтармен жасап әкелген макеттерімен таңдайқақтырса, келесілері сөзшеңдіктерімен көзге түсіп жатты. Білім бәйгесінде  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандарға әр номинация бойынша арнайы орындар берілді. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтары, қатысушылар сертификаты табысталды.