Жастар ұйымдарының өкілдерінің еркін форматта кездесуі өтті

761

0

«Жастар орталығында» жастар ұйымдарының өкілдерімен еркін форматта кездесу өтті. Ұйым жетекшілері өз жоспарларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастар ұйымдарының маңыздылығы зор. Түрлі бағытта қызмет атқаратын жастар ұйымдарының белсенділігі соңғы уақытта бәсеңдегені ешкімге жасырын емес. Сондықтан, ұйымдардың жұмысын қайта жандандыру мақсатында Жастар ресурстық орталықтары мен белсенді жастар ұйымдары бірігіп жұмыс жасайтын болады. Оқу орындарындағы өзін-өзі басқару комитеттері, «Пікірсайысшылар клубы», «Студенттер Альянсы» және т.б. ұйымдардың мәселесі назарға алынды.


Өңірде бүгінде жастар арасында өзіндік орны бар «Nur Otan» Партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ, «Сыр үміті» жастар қауымдастығы, «Жасыл ел» еңбек жасағы және т.б. белсенді ұйымдардың жұмыстары көңіл қуантады. Ортаға айтылған ойларды сараптаған Облыстық «Жастар ресурстық Орталығының» директоры Асқар Құрмаш ұйым жетекшілерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Жастар Орталығының ғимаратында жастар ұйымдарына арналған арнайы жабдықталған кеңсе ашылды. Кез-келген жастар өкілдері аталмыш кеңсеге келіп, өзінің жұмыстарына пайдалана алатын болады. Бұл өз кезегінде жастар ұйымдарының жұмыстарын жүргізуге септігін тигізіп, белсенділігін арттыратындығы сенім білдірген жастар ұйымдарының өкілдері, Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұжымына алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<