Алты редактор, жеті журналист атында көше бар

422

0

Сыр – Алаштың анасы! 

Бұл сөзді Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тебірене айтқаны естен кетпейді. Бір кезде жоғарғы билік басындағылардың бірі

Қызылорда облысын тарату жайын­да ұсыныс жасап, шешім қабылдау сәті туғанда Елбасы қорғап қалғаны ел аузынан түспейтін болды. Бұл шынайы шексіз алғыстан туған ақиқат.

Сыр елінің байырғы басылымы – «Сыр бойы» газетінің шыға бастағанына биыл 90 жыл толды. Басылымда талай аға буын өкілдері басшылық жасады.

Содан болар Қызылорда қаласының орталығындағы бірнеше көшелер әр жылдарда «Сыр бойы» басылымына басшылық жасаған редакторлардың есімімен аталады.

Газет редакторлары Ұзақ Бағаев, Зейнулла Жарқынбаев, Қалқабай Әбенов, Базарбай Сарбасов, Хамза Сыздықов, Тойбазар Елемесовтерге қаланың бір-бір көшесі берілген. Орталықтағы көшелер бойымен жүрген жас ұрпақ өкілдері оларға тағзым етіп, еске алу дәстүрі қалыптасты.

Басылымда қызмет істеген журналистер Мырқы Исаев, Жақсылық Бекхожаев, Ахметжан Нұрекеев, Орман Нұрхабаев, Құрманғали Ажаров, Жақсылық Түменбаев, Қази Данабаев атындағы көшелер ескерткіш секілді елестейді.

Сондай-ақ, ақын Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетов, жазушы Ғабит Мүсірепов, Айтбай Хангелдин, Зейнулла Шүкіров, Сырбай Мәуленов, Сәбит Мұқанов, Нәсіреддин Сералиев есімдерімен аталатын көшелер де қала сәулетінің жарқын көрінісі.

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,

ардагер-журналист.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<