Ата-ана қадірі

6964

0

Кез-келген адамның өмірінде басты орын алатын қадірлі де аяулы да ата-анасы болады. Ата-ана өмірдің мәні, біздің сарқылмас байлығымыз. Ата-анамыздың батасының, ақ пейілінің бойымызға сіңірген тәлім-тәрбиесінің арқасында өмірде өзі орнымызды тауып,аңсаған арман-мақсатымызға жетіп, өмірдіңрахатын, қызығын көріп келеміз.

            Қорқыт бабамыз: «Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес»,- деп отбасында ата-ана тәрбиесіне үлкен мән берген. Ата-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ демекші, Ер бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде ананың тәрбиесі маңызды. Әке-асқар тау, отбасының қорғаны, тірегі. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер»,- дейді халық даналығы. Ер бала әке бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бала әкесінен ақылды, жігерлі, қайратты, сабырлы, болуды үйренеді. Сәбиіне жарық өмір сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт беріп аялаған, әлдилеген ол біздің ардақты да аяулы анамыз. Қыз бала мейірімділік, төзімділік, сабырлылық, инабаттылық секілді асыл қасиеттерімізді анасынан үйренеді.Әке ана  сөздерінің мағынасына үңілсек, қаншама терең де тұңғиық ой жатыр. Орыстың ұлы жазушысы А.П.Чехов: «Отбасы тірлігіндегі басты тетік-махаббат» дегендей ата-ана сәбиіне махаббатын, сүйіспеншілігін, нәрін, шапағатын төгеді. Әке мен ана әрқашан балаларының тілегін тілейді, денсаулығы мықты, жан-жақсы, адал, жанашыр болғанын қалайды. Балаларына қиындық кездессе, қиындықты жеңе білуге, мойымауға үйретеді. Олар балалары жырақта жүрсе,  бауыр еті баласының амандығын, өмірде өз орнын адаспай тауып, бақытты болғанын қалайды. Кез-келген уақытта қуанышына да, қайғысына да ортақ болып, қуанғанда қатты тасып, қиыншылықта жасып кетпеуін қадағалайды. Балалары жетістікке жетсе төбесі көкке жеткендей марқайып, қуанады, мақтан тұтады. Әрбір ата-ана баласының биікте жүргенін қалайды, жақсы тәлім-тәрбиесін беруді мақсат тұтып, сол үшін аянбай еңбек етеді.

Ата-ана-өмір мәні, осынау өмірімізде үлкен маңызға ие жандардың шетсіз  шексіз махаббатын, ұлан-ғайыр еңбегін, үмітін ақтау, ата-анаға бақыт сыйлау-балаларының алдына қойылған үлкен парыз болуға тиісті. Ата-анамыздың бізге бауыр еті баласына жасаған әрбір жақсылығы қартайған шағындаөздерінің алдынан көбейіп, гүлденіп жатса, олардың балаларына сіңірген еңбегінің жанғанының белгісі.

Әлия Шариканова,

Байқоңыр қаласы,

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<