Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200-ден аса шара өтеді

865

0

Сыр өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асады. Бағдарламаның 6 басым бағыты мен «Ұлы Даланың 7 қыры» аясындағы 17 арнайы жобасын іске асыруға бағытталған 203 шара бар. «COVID-19» пандемиясына байланысты аталмыш шаралар онлайн форматта және санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі.


– Биыл Алаштың анасына баланған, қасиет қонған Сыр өңірінде біршама толымды істерді қолға алып жатырмыз. Осы орайда ұлтына еңбегі сіңген ұлы тұлғаларды насихаттау, ұлықтау мақсатында іс-шаралар жоспарын бекіттік. Бұдан бөлек, өңірде жастар арасында бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру, оларға прагматикалық тәрбие беру мақсатында «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында өз саласында жетістікке жеткен, жастарға үлгі боларлық азаматтар жайлы бейнероликтер дайындалып, Youtube бейнехостингінде жариялануда. Бұның барлығы елдің жаңғыруына, келешек ұрпақтың елі мен жерін сүюге, бәсекеге қабілетті жастардың жаңа бір тынысының ашылуына сеп болары сөзсіз, – деді «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев.

Бағдарлама аясында тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтілмек. Ал өңірімізде Жалаңтөс Баһадүрұлының 445 жылдығы, Сартай батырдың 310 жылдығы, Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығы, Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<