Эстонияда Абай мен Әл-Фарабидің құрметіне пошта маркалары шығарылды

1022

0

Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына және түркі философы Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлайды Egemen.kz елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эстонияның мемлекеттік почта операторы «Eesti Post» қазақстандық маркаларды алғаш рет басып шығарды. Маркалардың дизайны ағылшын тілінде ұлы ойшылдардың мерейтойларымен үйлесімді стильде жасалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<