Мәңгілік өмірдің кілті – өнерде

580

0

 Дәстүрлі шараның ұлт­тық болмысын ұлық­таған, ежелгі өнерді саф алтындай сақтаған Сыр өңірінде ұйымдастырылуы тегін емес. Көршілес Қырғызстаннан қасиетті Қорқыт баба жеріне ал­ғаш келуім. Келген күні облыстық тарихи музеймен танысып, қаланың көрікті жерлерін араладық. Маған қатты ұнады. 

Кеңес дәуірі кезінде біздің ұрпағымыз Қор­қыт­тың кім екенін білмеді. Көп жылдардан кейін елімізде «Түрксой» ұйы­мының қолдауымен Қор­қыт ата жайлы деректі фильм көрсетілді. Сол уақытта кинотеатрға келген халықтың ықыласында шек болмады. Фильм арқылы қырғыз халқы атақты абыз жайлы кеңінен мағлұмат алған еді.  Дүниенің төрт бұрышын араласа да өлмейтін өмірді таппай соңында «мәңгілік өмірдің кілті – өнерде» деп тұжырымдаған Қорқыттың кіндік қаны осы жерде тамған. Бүгінгі конференцияда мен «Қ.Иманалиевтің Қорқыт ата драмасындағы рухтың өлімсіздігін көр­кем түсіну мәселелері» тақырыбында баяндама оқимын. Мазмұнды шарадан әрбіріміз пайдалы мәліметтер мен тың ақ­параттар алып, үлкен әсермен ораламыз деп сенемін.

Үміт КҮЛТАЕВА,

филология ғылымдарының докторы.

Қырғызстан Республикасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<