Құнды дүниенің түркі жұртына берері мол

383

0

Ұлы өнерімен Ұлы даланытербеткен, мәңгілік өмірдің жоқшысы, күллі түркі әлемінің ортақ ұраны – Қорқытатамызға арналған алқалы жиынның Сыр елінде өтуі тегін емес. 

Халықаралықдеңгейдегі конференция түркі ел­дерінің өзара мәдени деңгейін, халықтық өнер­дісақтаудағы тәжіри­белерін зерделеуге мүм­кіндік береді. Біз бүгін конференцияғатың мә­ліметтермен келдік. Ата-бабасы Маңғыстау жерінде дүниеге келгенУәлимұхамед бауы­рымның өнегелі ісі көпке үлгі деп білемін. Оның әкесі дүниесалмас бұрын баласына «Сенің алдыңда әлі өмір бар. Сондықтан қалған өміріңдіата-бабаңның өмір жолын жалғастырар қолжазбаларды жинаумен айналыссаң дұрысболар еді» деп өсиет еткен. Уәлимұхамед 15 жылдан бері қолжазбаларды жинауменайналысып келеді. Сондай қолжазбаның бірі – Қорқыт ата кітабының жаңа жазбасы.Құнды дүниенің түркі халқына берері мол деген сеніммен түпнұсқаның көшірмесінСыр жұртшылығына әке­ліп отыр. Осыдан 7-8 жыл бұрын келгенімде Қорқытбабамыздың жатқан жері сондай аянышты болатын. Ал қазір адам танымастайөзгеріп, туристер жиі келетін құтты мекенге айналғанын естіп, қуанып отырмын. Бұйырса, фес­тивальдің жа­былу салтанатында сол жерде болып, зиярат етеміз.Конференция жұмысына сәттілік тілеймін.

 

Нияз ТОБЫШ, 

аудармашы.

Маңғыстау облысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<