Қорқыт жайлы қаруланған қалам!

1278

0

Әр мекеннің мақтанарлық аңызы, ата-бабасы, нағыз дара адамдары болатыны сөзсіз белгілі. Сол сияқты менің де туған жерімнің аты  аңызға айналған бабасы-Қорқыт ата.

Қорқыт ата-түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өз өмірінде ерекше ізі мен әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде танымал. Айта кететін жайт, Қорқыттың өмір сүрген кезеңдері тек болжам ретінде сақталған. Киелі мекен Қызылорданың өзінде Қорқытқа арнап оқу орны ашылған. Ол-Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті.

Қорқыттың өте ұлы адам екені тарихта ойып тұрып орын алған. Түрлі зерттеулерде Қорқыт ата жайлы түрлі тың пікірлер айтылған. Солардың бірең-сараңына саятын болсақ, Қорқыт ата  оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде Сырдария бойында ғұмыр кешкен екен. Енді бір деректерде  Рашид әд-Дин «Жамиғ Ат-Тауарих» атты тарихи шежіресінде Қорқыт атаны қайпы тайпасынан шыққан дейді, ал Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оның тегі баятекені және де 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Қорқытың сыр жағасында зираты болғанында ғалымдар айтқан болатын. Жалпы айта кетсек Қорқыт-тайынбас түркілердің оттай оғыз ұлысынан шыққан, байырғы бақсы, күмбірлі күйшілік пен жалынды жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.

  Қорқыт жайлы халық арасында  мынадай аңыз бар. Аңызға сүйенер болсақ, Қорқыт анасының құрсағында үш жыл жатады. Ол дүниеге келер шағында әлемді үш күн, үш түн бойы көргісіз көзге қараңғылық басады. Ол туыларда желді күн қаһарын шашып,халықтың зәресін ұшырған. Анасы оны жарық дүниеге алып келгенде,оның есімін дүйім жұрт Қорқыт деп қояды. Оның есімін ғалымдар түрлі болжамға салып зерттейді Сонда кейбірі құт-береке әкелуші ретінде қараса, енді бірі өмірдің соңы деп топшылаған. Әрине бұл жәй ғана есімін зерттей түскен жайт еді.

Қорқыт ата Қобызды жанына серік еткен нағыз дара тұлға болатын. Оның күйлері адам бойындағы және де әрбір тұлғаның жанын тебірентер ерекше күйге бөлейтін болған. Қорқыт  ата бір күні ұйықтап кетеді, сонымен ол түсінде егер о дүниені  есіңе алмасаң мәңгі өмір сүресің деген аян естиді. Көп уақыт өткен соң ол ен далада бір баспақты қуып кетеді. Ақыры оған жете алмайды, бірақ ол оған өлсемде жетемін дейді .Сонда оған Әзірейіл келіп, Сен өлімді еске алдың,енді сен о дүниеге аттанасың дейді. Сонда ол халқына жаны ашып, бақытты өмір сүрер жерді іздеп желмаясына мініп, халықтың өте қиын кезеңге түскенін көрген Қорқыт дүниенің бар жерін шарлап Мәңгілік өмір іздейді.Ол сөйтіп жүріп алдынан бір топ көр қазған пенделерді көреді.Тіпті қайда барсада дәл солай. Олар Кімнің көрі деген сұраққа Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан бері «Қорқыттың көрі» деген сөз осыдан қалса керек.

Сөйтіп бір күні ол мынадай аян естиді. Егер өз жеріңді тапсаң аман қаласың деген. Соны естіген Қорқыт кіндік қаны тамған жер-Сыр өңіріне оралады. Содан ол мәңгі өмір өнерде деген тұжырымға бас ұрады. Сонымен ол қобыз аспабын ойлап шығарады. Бір күні ол қасиетті қобызымен  бір жағаға келіп отырып күй тартып отырады. Сол сәтте ұйықтап кетеді.Сол кезде оны судан кішкентай қайрақ жылан шығып,оны шағып өлтіріпті дейді. Сол кезден халық арасында ажал айтып келмейді деген пікір қалыптасады екен. Яғни бұл Қорқыт туралы аңыздың негізгі ұштасқан мәселесі уақыт пен кеңістік,өмірмен өлім жайлы десек те қателеспейміз.

Оның бұл ерлігінен біз тіршілікті бағалай білуді ұғынуымыз қажет. Себебі аңыздың түп төркіні адамзаттың өмір сүргісі келетін мына жалғанның осыншама қамшының сабындай қысқалығы. Мұнымен біз келешек ұрпаққа өз дүниетанымын дұрыс қалыптастыра білу деп білемін. Енді Қорқыт бабамыздың аңызынан соң күйлеріне келер болсақ оның-«Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елімай», «Ұшардың ұлуы» деген күйлерін кездестіре аламыз. Бұлар оның артында қалған өшпес үлкен ізі.

Тың деректерге толы Қорқыт ата кітабы да халықтың көңілінен шыққан болатын. Оның ескерткіші сонымен қатар Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданы,  Жосалы кентінен 18 км жерде орналасқан. Бұл ескерткіш түркі халықтарының  ортақ қасиетті де киелі орындарының бірі болып саналған. Ал енді Қорқыт ата мазарына келетін болсақ  ол 9-10 ғасырларда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. Бірақ оны өкінішке орай 1925 жылдан құлай бастаған, сөйтіп 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен.Оның орны қазір белгісіз. Қазір мазардың орнына заманауи мемориалдық ескерткіш орнатылған, яғни ол қазіргі Қорқыт ата ескерткіші.

Міне сонымен менің туған жерімдегі ең бір-мақтанарлықтай, артына өшпес із қалдырған алып тұлға,мәңгілік өмір іздеуші Қорқыт ата.Біз болашақ жастарға осындай ата-бабаларымызды осы бастан дәріптеуіміз қажет.Сонда ғана халықтың ой-өрісі жандана түспек. Өз еліне деген рухани құндылық сонда ғана дами түседі.Біз ұлы дала ұрпақтары осынау ұлан ғайыр даламыздың киелі де қасиетті бабаларын бұдан әрмен жаңартып,атын шығара білсек ол біздің ғана емес, бүкіл Қазақ жұртының мәртебесі болмақ!

Сабина Бадау Асылбекқызы,

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және Әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті

Фатима Қозыбақова Ақынбайқызы,  

 жетекшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих және этнология факультетінің  Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<