Тәуелсіздікке тағзым тілге құрметтен басталады

707

0

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Президент тәуелсіздік тарихын шартты түрде үш онжылдық белеске бөлген. Әр онжылдықта жеткен жасампаз жетістіктер мен толағай табыстарды тарқатып, «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз» екендігіне тоқталған. «Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз» деп нық сеніммен айтқан.

Қастерлі үш құнды­лықтың бірі – қасиетті қазақ тілі турасында: «Еліміздің басты ны­­шан­дарының бірі – мем­лекеттік тіл. Қа­зақ­станның мемле­кет­­тік тілі қазақ тілі еке­ні Ата заңымызда 90-жыл­­дар­дағы күр­де­лі ке­зеңнің өзінде нақ­ты жа­зылған. Біз тә­уел­сіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық. Бүгінде мемле­кеттік тілді білетін қа­зақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ ті­лін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды бі­рік­ті­ру­ші факторға ай­нал­ды­рудың барлық құ­қық­тық тәсілдері және ке­піл­діктері қалып­тас­ты» дей­ді Мемлекет басшысы.

Тәуелсіздік алға­лы бе­рі елімізде азамат­тарға мемле­кеттік тілді еркін және те­гін меңгеруіне барлық жағдай жасалып келеді. ҚР Консти­туциясының 7-бабын­да: «мем­лекет Қазақстан хал­қының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтыны» жө­нінде нақты көрсетілген. «Қа­зақстан Республикасының Тіл­дер туралы» заңы, заңның орындалуын қамтамасыз ете­тін Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2001-2010, 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламалар, «Қазақстан Республикасындағы тіл сая­сатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы», т.б. қазақ тілін меңгерген тұр­ғындар санын арттыру бағы­тындағы өткізілетін шаралар мен өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтары ұйымдастыратын тегін тіл үйрету курстары – оған айқын дәлел.

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға арналған жоспарлы жұмыстар өз деңгейінде кезең-кезеңімен атқарылып, қазақ тілін оқып үйренуші өзге этнос өкілдерінің үлесі де жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Бұл жұмыстардың жү­йелі атқарылуына өңірлер­дегі тілдерді оқыту орталық­тарының қосып келе жатқан үлесі зор.

Облыстық ішкі саясат бас­қармасының тілдерді оқыту орталығы – Сыр өңірінде мем­лекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосып, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып, еркін меңгеруіне және «ҚАЗ­ТЕСТ» жүйесі бойынша облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар санының артуына ықпал жасап келе жатқан бірден-бір мемлекеттік мекеме. Орталық облыс әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №509 қаулысы негізінде құрылып, 2021 жылға дейінгі уақытта 10 мыңға жуық тұрғынды тегін тіл үйрету курсымен қамтыды. Орталық жұмысы ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік бағыт­тар және 2018 жылдан бас­тап ашылған барлық аудан­дарындағы бөлімшелер бо­­йынша мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілін оқы­татын мамандар курстары ар­қылы жүйелі жүргізілуде. Биыл үш тіл бойынша 2500 тың­даушыны тіл курсымен қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қала және облыс аумағындағы барлық ерік­ті ересек тұрғындар үшін «Сөй­леу мәдениеті және іскери қазақ тілі», «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі» курстарын оқыту да ұйымдастырылуда. Панде­мия кезінде орталық өз жұмысын карантин режиміне байланысты онлайн форматқа ауыс­тырып, мамыр айынан бастап оқыту курстарын цифр­лық жүйеге көшірді. Қа­шықтан оқыту жүйесіне ар­налған kzordatil.kz интернет порталы жасақталып, бар­лық тіл курстары онлайн фор­матқа ауыстырылды. Бүгін­де үш тілдегі деңгейлік оқыту курс­тарының барлық са­бақ­тары деңгейлер бойынша пор­талға орналастырылған. Тіл үйренушінің уақыты мен мүм­кіндігіне сәйкес қолже­тім­ді әрі тиімді ресурс ретінде қол­данылуда.

Бұл  игілікті шаралардың барлығында орталықты құ­рыл­ған күннен бір­неше жыл бойы басқарған Нұрсауле Дүйсембайқызының қол­таң­басы тұр. Ол мамандарды тіл үйретудің жаңа әдістерін заманға сай жетілдіріп, ізде­нуге баулыды. Осы мектепте шыңдалған білікті мамандар Ә.Манасқызы, Б.Социалқызы, К.Сұлтанқызы, Ж.Мұхитқызы, А.Мұханбайқызы, Ә.Бөле­бай­қызы, т.б., бағдарламашы Г.Оспанқызы еңбектерінің жә­не аудандардағы барлық ма­ман­дардың ауызбіршілікте жұмыла жұмыс атқаруы нәти­жесінде орталық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Мемлекет басшысының ма­қаласын тілдерді оқыту ор­талығы ұжымы да жарық көрген бойда кеңінен тал­қылап, мемлекеттік тілге қа­тысты бірқатар тың жо­баларды жоспарлап, іс­ке қосуды қолға ала бас­тады. Атап айтқанда, ма­қа­лада аталған  ұлттық рух­ты оятатын «Алмас қы­лыш», «Жаужүрек мың ба­ла», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман», «Құ­нан­бай» сынды тарихи көр­кем фильмдер мен «Алаш қайраткерлері» мен «Желтоқсан қаһар­ман­дарының» азаматтық ер­лігі жайлы сюжеттерді курс барысында көрсетіп, тың­дату арқылы тілге құр­метін қалыптастыру ой­лас­­тырылған. Президент ұсын­ған 30 кітапты тың­даушылар арасында оқы­тып, «BOOK TALKING» фор­матында тал­дау шарасын тұрақты түрде өткізу, тыңдалым дағды­сын жетіл­дірудің қазақи құймақұлақтық дәстүрін жандандыру керек. Батырлар жыры, айтыстар мен шешендік диалогтардың аудиоматериалдарын жинақтап, тыңдаушыларға тапсырмасымен ұсыну да – оңтайлы тәсіл. «Тәуелсіздікке тағзым – тілге құрмет» тақырыбы аясында орыс тілді аудиторияларда «Тәуелсіздікке 30 жыл: 30 ашық сабақ» сабақтарын онлайн-оффлайн форматтарда ұйымдастыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы әлі күн­ге дейін қазақ тілінде сөй­леу міндеті екенін түсіне алмай келе жатқан азаматтарға арнап: «Мемлекеттік тілді бі­лу – Қазақстанның әрбір аза­матының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орай­да мен барша қазақстан­дықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отан­дас­тарыма үндеу тастағым келеді» деді. «Мәселе – ниет­те. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа же­туге жағдай жасайтын Үкі­метке де байланысты» деп ес­керткен. Қазіргі таңда орта­лық ұжымы президент айтқан отандастарымыздың қазақ ті­лін меңгергісі келетін ниетін ояту үшін тағы қандай тың қа­дамдар жасау керектігін ой таразысына салып, бағыты­мыз­ды айқындаудамыз.

Мерейлі жылда Тәуелсізді­гі­мізге тағзым етуді туған тілі­мізге құрмет көрсетіп, қадір-қасиетін сезінуден бас­тау керек деп ойлаймын. Тіл үйренуге, та­ным көкжиегін кеңейтуге ниетті жер­лес­тері­мізді облыс­тық тілдерді оқыту орталығына келіп, кестесі ке­­лісті, сөздік қоры өте бай қазақ тілін оқып үйренуге ша­қырамыз.

 Ләззат Ортаева,

облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз