Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы

2701

0

  Адамзат тарихының сан ғасырлар бойы жиған терген тәжірибесі өте көп. Әрине, оны ауыз толтырып атауымызға болады.  Қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі екені белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деп тамыры терең ойды жеткізген болатын.  Сындарлы кезеңде ел тағдырын қазақ тілімен байланыстырып, болашағы үшін күресе білген ғалымдарымыз сан алуан. Дей тұрғанмен, ұлт ұстазы, тіл жанашыры, тіл білімі және әдебиет ғылымдарының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының орны ерекше. Сондықтан болар, ҚР Үкіметі қаулысымен 5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген.

«Тіл -ұлттың жаны» десек, онда халықтың болмыс бітімі бар. Сондықтан әрбір адам кемел келешекке қадам басқысы келсе,ұлттық мұра тілімізді сақтап,жаңа формацияларға сәйкес дамытып отыруға үлес қосуы керек.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, күңгүрт сағымға айналмаса екен дей отырып, сөзімді тіл жанашыры Ахмет Байтұрсыновша аяқтайын. Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Құрметті Қазақстандықтар! Ана  сүтімен бойға дарып, қаймағы бұзылмай сақталған тіліміздің айтулы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Өз ана тілін қастерлеп, қадірлейтін патриот азаматтар көбейе берсін!

Нұрсәуле МҰСАЕВА,

«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<