Туыс елдер арасындағы рухани көпір

549

0

 Бұл фестиваль барша түркітілдес елдердің басын қосқан рухани көпір іспетті. Қазір түркітілдес елдер арасында ынтымақ­тастық нығайып, достық байланыс орнаған. 
Ұлы  ойшыл Қорқыт бабаның туған  жеріндегі фестиваль осының дәлелі деу­ге болады. Мен сонау Әзербайжан елінен осындай үлкен жиынға қатысу мүмкіндігін алғаныма қуаныштымын. Шарада «Қорқыт ата кітабы эпосындағы қара күш» тақырыбында баяндама оқитын боламын. Қасиетті бабаның туған жеріне келіп, қонақжай халықтың ыстық ықыласына бөлен­дік. Бізді құрметті қонақ етіп, төрінен орын берген қазақ еліне алғысым шексіз.

Османлы  ИСМИХАН.
Әзербайжан ұлттық ғылыми академиясының доценті,
филология ғылымдарының кандидаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<