Ұзандар үні тербеген дала

499

0

 «Қорқыт және Ұлы дала сазы» жиыны әу бас­тан игі бастама болды. Биыл бесінші мәрте өтуде. Қорқыт бабамыз тек Сыр еліне ғана емес, түркітілдес елдерге ортақ тарихи тұлға ретінде қарастырылады. 
Бабамыздан басталған  жыр­шылық өнердің негізі осы қасиетті мекенде қаланды. Нақыл сөздері кейін келе жыршылар мен ақын-шайырлардың  шы­ғар­машылығында кеңінен насихатталады. Майлықожа, Базар жырау бастаған ақын-жыраулар шығармашылығында, Тұрмағамбет жырларында ерекше аталады. Осы ақындардың елге танылуына себепші болған Қорқыттың нақыл сөздері екенін айтуымыз керек. Бүгінгі ау­қымы кең шарада Қорқыт бабамыздың кейінгі ұр­паққа қалдырған мол мұрасы жайлы ғалым­дардың ой-пікірлерін тың­дап, рухани сусындап қайтамыз.

Ұлжан БАЙБОСЫНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Алматы қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<