Халықтың еркі көрініс тапқан құжат

1663

1

Конституция – заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ата Заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.

«Конституция» латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің, ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Осы орайда Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишевамен сұхбаттасқан едік.

– Ирина Жұма­байқызы, Ата Заң­ның ел Тәуелсіз­ді­гін­дегі, аза­маттар өмі­­ріндегі ролі қандай?

– Еліміздің Ата заңы жүз­деген жылдар бойы қалып­тасқан адамзат баласы­ның жалпы құндылық­та­рын өз бойына сі­ңірді. Қазақстанда Ата Заң тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген Конституция 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық ре­ферендум арқылы қа­былданған. Оған дейін, яғни Қазақстан тәуелсіздік ал­ғаннан кейін 1993 жылы 28 қаң­тарда өзінің алғашқы Ата Заңын қа­былдаған болатын. Конституция жо­басын дайындау кезінде әлемдік де­мократияның тәжірибелерін, қа­зақ­стандықтардың қа­лауын жан-жақ­ты сараптауға, қызу және өткір тал­­қылауға назар аударылды. Нәти­же­сін­де, 1995 жылдың 30 тамызында өткен Бүкілхалықтық референдумда қатысу­шы­лардың 90 проценті жақтап дауыс беріп, қазіргі қолданыстағы Конституцияның қабылданғаны бел­гілі.

Конституция Қазақстан Рес­пуб­ликасын демократиялық мемле­кет деп жариялайды. Оның демокра­тия­лылығы, ең алдымен, мемлекет ішін­де халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата Заңның 3-ба­бы­ның 1-тармағында мемлекеттік би­ліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуел­сіздігін, демократиялық құнды­лық­тарын айқындайтын негізгі құжаты – Конс­титуция. Онда мемлекеттің барлық құры­лымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақ­саттары, міндеттері, құқықтары көр­сетіледі. Ал Конституция – мызғымас мем­­ле­кетіміздің алтын қазығы, бір­лігі мен ынтымағы жарасқан елдігі­міз­дің бұл­жымас бағдары, кемел ке­лешегіміздің кепілі. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституциямызда адам­дар­дың табиғи құқықтары мен бос­тандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді.

Конституциямызда айтылғандай, елі­міздің ең басты қазынасы – адам, оның құқығы мен бостандықтары. Аталған заңнама осындай ұлан-ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады.

Ата Заңымызды бұлжытпай орын­даудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конс­титуция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

– Конституциямызда бекітілген тұлғаға құрметпен қарау қағи­далары қандай?

– Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Конституциямызда бе­кітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды.

Мәселен, Конституциямыздың 16-бабы әркiмнің жеке басының бостан­дығына құқын жария етті. Яғни, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi.

Конституциямыздың 17-бабында «адам­ның қадiр-қасиетiне қол сұғыл­майды» делінген. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа­дай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Әркiм Респуб­ликаның мемлекеттiк рәміздерін құр­мет­теуге мiндеттi. Заң­ды түрде белгi­ленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiм­нiң борышы әрі мiндетi. Қазақстан Респуб­ликасын қорғау – оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы.

Осылайша, мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел бо­луды армандаған мүддесін заң тілінде ай­шықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен құқықтық құжат болып табылады.

«Жалпы, Конституцияда мемле­кет­тің барлық құрылымдарының, ел­дің әрбір азаматының, ұлт пен ұлыстардың, әлеу­меттік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ,

Конс­титуция – мемлекет өміріндегі үдерістерді рет­тейтін басты әрі негізгі құжат. Ендеше мемлекеттің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына тікелей ықпал ететін Ата Заң. Басты талап – Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыз­дылығын жоғалтпай сақтау респуб­ликамыздың әрбір азаматы­ның міндеті мен парызы болуы тиіс.

– Конституция күнін мереке­леудің мән-маңызына тоқталсаңыз…

– Конституция күнін мерекелеу – тек ұлттық емес, өз елінің әрбір патриоты үшін жеке мереке. 30 тамызда Қазақстан халқы дәстүрлі түрде Конституция күнін атап өтеді. 26 жыл ішінде тәуелсіз ел екендігіміздің айғағы – бұл қасиетті дата мемлекеттік мереке болып саналып, демалыс күні ретінде жарияланған. Қазақстан Конституциясы – халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің Тәуелсіздігі үшін берік іргетас. Біздің Ата Заңымыз алдағы уақытта да азаматтарымыздың мүдделеріне сай табысты қызмет ете­ді, еліміздің одан әрі дамуына үлес қосады. Мереке қазақстандық мем­лекеттілікті дамытудағы айтулы оқиға.

– Құқықтық жүйенің, Ата Заң­ның қазіргі цифрландыру мен ақ­па­раттандыру қарқынына, жаңа за­ман талаптарына, жаңа техно­ло­гия­лық про­цестерге сәйкестігі ту­ралы айт­саңыз…

– Қазақстан Республикасының құқық­тық жүйесі қоғамдық қаты­настарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді. Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, Конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшелігі.

Тағы бір ерекшелігі – Конститу­цияның жоғарылығы. Бұл принцип мемлекеттің Конституцияға бағы­ныш­тылығын біл­діреді. Яғни, ба­рлық мемлекеттік орган­дардың, қоғам­дық бірлестіктердің, ла­уа­зымды адам­дар­дың жұмысы Консти­туцияға негіз­делуі керек.

Ата Заң – барлық нормативтік-құ­қықтық актілердің негізі. Респуб­лика­да қабылданған заңдар мен өзге акті­лердің Конституцияға сәйкестігін Консти­ту­циялық Кеңес қабылдайды. Қазақстан Рес­публикасында құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

Цифрландыру мәселесіне көшсек, негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әділет департаментінің ма­ңызды функцияларының бірі – халыққа мемлекеттік қызмет көр­сету. Бұл салада, мемлекеттік қыз­меттер электронды түрде жүргі­зіледі.

Мемлекеттік қызметтер халық тұ­тынатын басты қызмет болған­дықтан, оның қолжетімді әрі жылдам атқарылуы маңызды. Тұңғыш Пре­зиденттің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде іске асып жатқан «Электронды үкімет» жо­басының да көздейтіні осы. Иә, электронды үкімет – цифрландыру терминінің күн­делікті тұрмысқа дендеп енуімен бірге келген жаңа үрдіс. Ол мемлекет пен халықтың виртуалды байланысын қалып­тастырып, азамат­тарға мемлекеттік қыз­меттерді алуды барынша жеңілдетуге көмектеседі.

– «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы қолға алынған тұста ҚР Конс­титуциялық кеңесі тарапынан көте­рілген мәселенің бірі – аза­маттардың конституциялық мәде­ниетін жаңғырту туралы пікіріңіз қандай?

– Конституциялық Кеңестің қыз­меті елдің Негізгі Заңының мыз­ғымастығын қамтамасыз етуге ба­ғытталған. Ол конс­титуциялық құн­дылықтарды түсіндіру мен насихаттау және қоғамның конс­титуциялық мәдениетін арттыру жө­нінде жүйелі шаралар қабылдауда. Мұн­дағы мақсат – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның ролін терең ұғыну, халықтың конституциялық мәдениетін арттыру. Сондықтан да аза­маттардың конституциялық мәдениетін жаң­ғыр­туда Конституциялық кеңес та­ра­пынан көтерілген мәселенің ма­ңыз­дылығын атап өткім келеді. Аза­маттардың құқықтық мәдениетін көтеру жөнінде мақсатты жұмыстарды әділет департаменті де жүргізіп келеді.

– Бұл бағытта департамент та­ра­пынан қандай шаралар атқа­рылуда?

– Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ, алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қа­лыптасқаны. Ең алдымен, әркiм Қа­зақстан Республикасының Конститу­циясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бос­тандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.

Жалпы Әділет органдары мем­лекет­тіліктің нығаюы мен дамуына, заңна­маны жетілдіруге, азаматтардың консти­туциялық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға әрдайым белсенді үлесін қосып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде департамент басшылы­ғымен және сала мамандарымен азамат­тарды жеке қабылдаулар жүргізіліп түрлі құқықтық көмектер көрсетілуде.

Сұхбаттасқан

Биболат СӘТЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<