Салық мәдениетін көтеру қазына қаржысын арттырады

2177

0

Бұл өзі – жылдың алғашқы айларында өткізілетін дәстүрлі сұхбат. Оның себебі түсінікті. Қазынаға түстетін салық түсімдері – мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардан баршамыздың хабардар болып отырғанымыз абзал.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновпен арада болған сұхбатта саладағы жаңалықтарды қамтуға тырыстық.


– Ғалымжан Қалдыкөзұлы, өт­кен жылды қалай қорытындылады­ңыздар?


– Облыс салық төлеуші­ле­рінің салық төлеу мәдениетінің жо­ға­ры­лауы және біздің қызметкер­ле­ріміздің ең­бегі нәтижесінде, 2020 жылдың қоры­тындысымен мем­ле­кеттік бюджет жос­пары 106% не­месе 8 млрд теңгеге ар­тығымен орын­далды. Межеленген 128 млрд теңгенің орнына бюджетке барлығы 136 млрд теңге түсім қам­тамасыз етілді.


– Пандемияға байланысты көп­теген қызмет түрлеріне шектеу қо­йылып, жұ­мысы тоқтады. Бұл, әрине, салық тү­сімінің кемуіне әсер еткені анық. Со­нымен қатар, кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалды. Осы шы­ғындардың орнын толтыру бағы­тында қандай жұмыстар жүргізілді?


– Президент Жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнес субъек­тілеріне тексеру 3 жылға тыйым салынуынан, арнаулы салық режи­мінде (АСР) жұмыс атқаратын су­бъектілер табысынан тө­лейтін негізгі салықтарынан 3 жыл­ға босаты­луы­нан 4,5 млрд теңге және Төтенше жағдайға байла­нысты Үкі­мет тара­пынан берілген же­ңілдік­терге сәйкес 5,5 млрд теңге жо­ғалтым болып бюджет түсіміне кері әсерін тигізді.
Дегенмен, департамент тарапы­нан жүргізілген салықтық және ке­дендік әкімшілендіру жұмыстары­ның нәти­жесімен былтыр мемлекеттік бюджетке 19,2 млрд теңге қосымша резервтер өндірілді, оның ішінде республикалық бюджетке 14,2 млрд теңге немесе 74%, ал жергілікті бюд­жетке 5 млрд теңге немесе 26% артық өндірілді.


– Мемлекет басшысы өз Жол­дауында салық және кеден сала­сын цифрландыру «көлеңкелі эконо­ми­ка­ның» кез келген көрініс­терімен кү­ресуге айтарлықтай көмектесе­тіндігін атап өтті. «Көлеңкелі эко­номика» сыбайлас жемқорлыққа жол ашып отырғаны жасырын емес. Осы бағытта қандай жұмыстар атқа­рылуда?
– Департамент көлеңкелі эконо­ми­каға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар шеңберінде мақсатты түрде кешенді шаралар жүргізуде, енді осыларға тоқталып өтейін.
Бірнеше өлшем шарттары бо­йынша салық төлеуден жалтару тә­уекелі тө­мен, орташа немесе жо­ғары санаты белгіленіп, қашықтан салықтық әкім­шілендіру шаралары күшейтілуде. Тә­уекелдерді басқа­ру жүйесін қолдана отырып жүргі­зілген камералдық ба­қы­лау адал кәсіпкерлердің санын кө­теруде. Был­тыр әкімшілендіру жұмыс­тары­ның нәтижесімен тәуекелі жоғары салық төлеушілер саны 54-ке немесе 11% азайтылды. Сонымен бірге 814 млн теңге қосымша салық бюджетке өн­дірілді. Мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін айналымы 5,1 млрд теңге құраған 46 және тіркелуін жарамсыз деп тану үшін 12 талап арыз берілді.
Мемлекеттік сатып алудың тиім­ділігін арттыру үшін 2019 жылдан бастап «Қаржылық тұрақтылық» тала­бы енгізілді. Осы орайда, 2020 жылдың басынан мемлекеттік сатып алу шең­берінде қаражат алушы 87 салық тө­леуші – әлеуетті өнім жеткізушіден бюджетке қосымша 474 млн теңге салық өндірілді.
Белгіленген шекті мөлшерден ар­тық қолма-қол ақша алған заңды тұл­ғаларды бақылау, талдау және де­ректерді мониторингтеу бойынша Ұлт­­тық банк және Қаржы министр­лігі­мен бірлескен пилоттық жоба ая­сында 15 сұраныс бойынша 10 салық төлеушіге талдау жүргізіліп, 1 салық төлеуші бойынша тәуекел анық­талды. Нәтижесінде салықтан жал­та­рушы-мигрант фирма мұнай өн­діруші ірі кәсіпорынмен жұмыстар жа­сауға мәмілеге отырып, 199,5 млн теңге электронды шот-фактура (ЭШФ) жаз­ғаны, алайда сатып алынған та­уары (жұмысы, қызметі) небәрі 5,3 млн теңге құрағаны анықталып, қол­ма-қол ақша алуға тыйым са­лын­ды. ЭШФ жазуына шектеу қойы­лып, материалдар облыс­тық эконо­микалық тергеу департа­ментіне жол­данды.

– Салық төлеуге қандай ыңғайлы жағдайлар қарастырылуда?


– Пандемияның қаупі сейілме­ген кезеңде «e-Salyq mobile» мо­бильді қосымшасы арқылы мемле­кеттік кі­рістер органдарына бару күні мен уақытын броньдау мүм­кін­дігі қарасты­рылған. Онлайн бронь­дау «e-Salyq mobile» мобильді қо­сым­шасының «Элек­тронды қыз­меттер» бөлімінде, сон­дай-ақ ко­митеттің порталында қол­жетімді. Же­ке тұлғалар және дара кә­сіп­керлер «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» қыз­метін пайдаланып, салық мін­дет­темелерін автоматты түрде көруге және «Салық әмиянын» қаржымен толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие болады.
Одан басқа, жыл басынан бері же­ке тұлғалар мүлік және жер салығын жаңа формада – біріктірілген бюд­жеттік жіктеу коды арқылы төлейді, яғни салықтың екі түрі үшін бір төлем жасалады, ал есептелуі бөлек жүр­гізіледі.
Жеке тұлғалардың көлік құрал­дары салығының төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды. Тиі­сін­ше көлік салы­ғының сомасын есеп­теу кезінде 2020 жылдың 1 қаң­та­рындағы айлық есептік мөл­ше­рімен есептеледі (АЕК 2651 теңге).
– Салық заңдылығында, кедендік рәсімдеуде өзгерістер болды ма?


– Жаңа жылдан бастап жалпыға бір­дей декларацияға көшудің алғаш­қы ке­­зеңі жүзеге асырылады. Бірінші ке­зеңде – жауапты мемлекеттік ла­уа­зым­­ды атқаратын тұлғалар мен олар­дың жұбайлары, сонымен қа­тар, мем­­ле­кеттік функцияларды орын­дауға уәкі­­леттік бе­рілген тұл­ғалар мен олар­дың жұбай­лары және мемлекеттік функ­цияларды орын­дауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген адам­дар мен олардың жұбайлары дек­ла­рация тапсырады.
Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері үшін биылдан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 3% бөлшек салық төлеу түрінде ерікті арнаулы салық режимі енгізілді, яғни табыстан 3% мөлшерінде бөлшек салығы салынады.


– Ресейде ауқатты адамдардың та­бысына салынатын салықты кө­бейту мен депозиттің пайдасына салық салу көзделуде. Пандемия зар­­даптары сал­да­рынан осындай ша­­раларға баруға мәжбүр екені тү­­сіндірілуде. Бізде мұн­дай қа­дамдар жасалуы мүмкін бе?


– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет бас­шысы жеке табыс салығының үде­мелі өлшемін енгізуді ұсынды. Жеке табыс салығын есептеуде үдемелі өл­шемді қолдану Қазақстан Респуб­ликасы үшін жаңалық емес екенін атап өткен жөн. Бұл жүйе елде 2007 жылға дейін жұмыс істеді. 2007 жылы бірдей 10% салық салу мөлшерін енгізудің негізгі себебі ақша ағынын көлеңкеден шығару болды. Ал салық салудың үдемелі өлшемін қолдану заңмен әлі қабылданған жоқ. Ол жап­пай декларацияға көшудің соң­ғы кезеңінен кейін қарастырылуы мүмкін.
Елімізде салық саясатын жетіл­діру аясында Салық кодексін оңай­лату, іс­керлік белсенділік пен бәсекелестікті ын­таландыру тұр­ғы­сынан қайта қарау қажеттігі тап­сырылды.
Осы оң өзгерісті салық төлеуші­лер­мен қатар, фискалдық орган қыз­меткер­лері қызу күтуде. Талқы­лауға, тиімді ұсы­ныстар беруге бар­шаңызды шақы­рамын.


– Биылғы жылдың жоспарына тоқ­талып өтсеңіз…


– ҚР Президентінің Жолдауында бе­ріл­ген тапсырмаларды өз құзы­реті шегінде орындай отырып, мем­ле­кеттік бюджет жоспарының орын­далуын қам­тамасыз ету арқылы нысаналы ин­ди­каторларға қол жет­кізу және мем­лекеттік қызмет көр­сетудің сапасын арттыру, «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесін қа­лыптастыру біздің бас­ты бағытымыз.


Әңгімелескен


Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,


«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<