Алаштың ардақты азаматы

345

0

Жиырмасыншы ғасыр, –

Соңғы жылдары,

Айқындалған еді,

Айтылмаған «жырлары».

Сол кезде ішке сақтаған,

Көп екен-ай «сырлары».

«Қатып қалған» қоғамның,

Қақырады қырлары.

Өткен ғасыр осылай,

Бодандықты таратты.

Бостандық алып еліміз,

Тәуелсіздік таңы атты.

Әлеуметтік бұл ауыр, –

Кезең еді шын ауыр.

Бірден тәй-тәй тұруға,

Тұрмысымыз тым ауыр.

Сол кезде Беке атқардың,

Шаруаны түрлі шартарап…

Аймақты келіп басқардың,

Жауапты жүкті арқалап…

Ауырды біліп анық тым,

Хал-жағдайға қанықтың.

Аянбай адал тер төгіп,

Ойынан шықтың халықтың.

Жоғары ұстап Байрақты,

Қажымай аса қайратты,

Қиын-қыстау кезеңде,

Басқардың бес аймақты.

Білімді түрде саналы,

Басқардың басқа саланы…

Қай жерде жүрсең даламен,

Көркейте түстің қаланы…

Зейінді аса зерегім,

Баршаға мәлім дерегің.

Әлі де алда бар еді,

Бергенің мен берерің.

Азаматтың ардақты,

Еңбегін елеп жан-жақты…

Ұмытпау үшін бір шешім,

Шығарған жөн салмақты.

Жастарға да, көнеге,

Өмір жолы-өнеге…

Еңбегі Ердің қалмағай,

Шаң басып босқа сөреде!

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,

ҚР ІІМ-нің Еңбек және Құрметті ардагері.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<