Ағаның алды – ақжайлау

571

0

   Өзім құрмет тұтар, сыйлас нағашы ағам Кеңес Мұсаханұлы Шәймерденовтің есімі Сыр еліне жақсы таныс. Біреулерге отырған орны көрік берсе, кей адамдар отырған орнына көрік береді деген сөз бар. Сол айтпақшы Кеңес аға аудандық, облыстық, рес­пуб­ликалық ауқымда үлкен лауазымды қызметтер атқарды. Жұмыс істеген жерлерінде үнемі жақсы қырынан танылып, жама­ғатпен етене араласты. Міне, осы қасиеті оның абы­ройын биіктетіп, тілеулес адам­дарды молайтқандығы анық. Сол қатардағы рухтас інілерінің мен де бірімін.
Темірбайдан тараған Шай­­мерденнен екі ұрпақ, яғ­ни бір ұл, бір қыз өрбіген.  Бірі – Мұсахан болса, бірі – Би­бай­ша. Мұсаханнан Кеңес дү­ниеге келсе, Бибайшадан өр­біген ұрпақтың бірі – біз. Мұсахан аға Ташкент теміржол техникумын бітірген соң темір­жол жөндеу кәсіпорнында дрезина жүр­гізушісі, ше­бер­хана мең­ге­рушісі, Шиелі стансасы кадрлар бөлімінің бастығы, станса бастығының саяси жұ­мыстар жөніндегі орын­ба­сары дәрежесінде еңбек етіп, теміржол қызметінің капи­таны шенін алған. Кезінде ауылдың қазақы жастарын темір­жолда жұмыс істеуге тартқан.
1941 жылы Шиелі аудан­дық әскери комис­сариаты ар­қылы майданға алынып, 56-гвар­дия­лық артил­лерия пол­­кінде 61-ДПС-та гвар­дия сержанты, бөлімше ко­мандирі дәрежесінде соғысқа қатысқан. Өкінішке қарай, 1942 жылы қарашада хабарсыз кеткен.
Мұсахан аға майданға ат­танғанда зайыбы Сара екі баламен қалған екен. Кіші ұлы Медет мектеп жасына жетпей ерте қайтыс болыпты. Он тоғыз жасында жесір қалған адал жар Құдай қосқан қосағын өле-өлгенше армандап өтті. Аяулы ананың бар мақсаты – үлкен ұлы Кеңесін қатарынан кем қылмай өсіру, тәрбиелеу, жеткізу болған. Кеңес Шаймерденов аудандағы №45 қазақ орта мектебін, 1957-1962 жылдары сол кездегі Н.Гоголь атындағы институтты оқып бітірді. Сол жылдары еркін күрестен жоғары оқу орындары арасында чемпион, I разрядты спортшы болды.
Еңбек жолын Шиелі ау­да­нындағы «Қызылту» кол­хозында мектеп мұғалімінен бастап, 1963-1969 жылдары об­лыстың комсомол коми­те­ті­нің нұсқаушысы, бөлім мең­геру­шілігіне көтерілді. Оң­түстік Қа­зақстан өлкесі комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Қазақстан ком­сомолы Орталық Комитетінің студент жастар бөлімінің меңгерушісі қыз­мет­терін абы­роймен атқарды. СОКП Ор­талық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді. Облыстық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқау­шысы, 1973-1983 жыл­дары Жаңа­қор­ған ауда­нындағы пар­тия комитетінің хатшысы бо­лып халықтың ықы­ласына бөленді.
1983-1994 жылдар аралы­ғын­да облыстық кәсіп­тік-­техникалық білім беру бас­­қармасының бастығы, об­лыс­­­тық атқару комитетінің мә­де­ни-ағарту мекемелері бөлі­мінің бастығы, облыс әкімшілігі аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. ҚР Парламентінде түрлі жауапты қызмет атқарды. Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқарма бас­­тығының орынбасары, жас­­­­тар және тіл бөлімінің бастығы, «Нұр» қоғамдық қайы­­­­рым­ды­лық қорының атқа­ру­шы директоры, «Блотус» АҚ – үйлестіруші, «Отан» пар­тиясы аппаратының кеңесші қыз­ме­тінде болды.
Кеңес Мұсаханұлы қан­дай да маңызды қызмет ат­қарса да белсенділігімен, ұйым­дас­­тырушылық іскер­лі­гі­мен жақсы қырынан көріне білді. Ол ең­бе­гіне лайық Қаз ССР Жоғарғы комитеті Президиумының Құр­­мет грамотасы және «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Nur Otan» партиясының мара­па­тымен, Мәдениет және ақ­парат министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің Құрмет грамотасымен, «ҚР мәдениет қайраткері» атағымен мара­пат­талды.
Кеңес аға – жаңа ғасырдың жаршысы, насихатшысы, оның еңбек жолында үлгі-өнеге көр­сеткен жанашыр ағалары мен қызметтес жолдастары, қолдау көрсеткен зиялылар көп болды. Қанаттастары туралы естелік, ұлағатты сөз айтатын Кеңес аға майдангер әкесінен ерте қалып, өмірдің бар қиындығын да, қызығын да мол татып, бейнетпен есейген озық ойлы, білімдар, сөзге шешен. Ақпейілді, жаны таза, жүрегі жомарт, парасаты биік, уәдесіне берік, шын­дық жолдан таймаған, жақ­­сыға жалынбаған, жаманға табын­баған, адамгершілігі мол, ұс­там­ды қайраткер.
Кеңес Мұсаханұлы – ҚР Жур­­налистер ­ одағы­ның­ ­мү­шесі. Бірнеше ес­телік жинақтың авторы, С.Нұр­мағанбетов атын­­­­­да­ғы халықаралық қо­ғам­­­­дық қайы­рымдылық қо­ры бағ­дар­ламасы аясында Ке­ңес одағының Батыры, Ха­лық қаhарманы Сағадат Нұр­ма­­ғанбетов, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай жайлы  аль­бом шығарып, таралуына еңбек сіңірді. Әкесі жайлы және Ста­линград шайқасында қай­тыс болған майдангерлерге арнап «Ба­қы­тым да, байлығым да менің» атты кітап шығарды.
Құрметті демалыста жүрсе де, қоғамдық өмірге белсене араласып, жақсы істер­дің жүзеге асуына ұйытқы болып келеді.
Ол кісінің шаңырағында жиі болып тұрамын. Әрдайым жылы шыраймен күтіп алып, іздеп барған інілеріне мейі­рімін төгеді. Өзінің өнегелі өмірінен әңгіме өрбітеді. Бір таңғаларым, сені өзіңнен артық біліп отырады. Жан дү­ниеңді түсініп, үлкендік жолынан жығылмайды. Әрдайым өмір­ден білген-түйгендерін ашып ай­татын ақкөңіл жан. Өмірлік қосағы Мадинамен бес ұл мен қыз өсіріп, олардың қызығын көрген кісі. Өнегелі ғұмыр кешкен асыл жанның ұлағаты көпке үлгі.
Жақсылық ӘЛИЕВ,
зейнеткер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<