
Бұл күнде құрмет пен алғысқа бөленген, өз саласының нағыз маманына айналған, Гиппократ антына адал, үстіне киген ақ халатындай жаны таза жандардың бірі- облыстық диагностика орталығының кардиохирургия бөлімшесінің хирургі Ізбасханов Рақым Төлегенұлы.
Ол-Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясының түлегі. Академияны тәмамдаған соң, Қызылорда облыстық медицина орталығында 2010- 2014 жылдары №1 хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург болып еңбек жолын бастаған. Дәрігер Рақым Төлегенұлының білікті маман екенін емделуге келген жұрт жақсы біледі.
2015 жылы тамыз айында үшінші баламды босанғалы отырғанмын. Жергілікті дәрігерлер менің денсаулығымды жете зерделеп: «Ана мен бала диагностикалық орталығында отаның көмегімен босандырамыз»-деген. Қан-тамырларым ісініп, қан ұйып қалған соң, өздігімнен босана алмайтындығымды біліп, олар уақытылы отаға дайындады. Кесір тілігі арқылы аман-есен сәбиімді қолыма алдым. Аталмыш орталықта жеті күн жатып емделдім. Ертең шығамын деген күні Рақым Ізбасқанов келіп қарады. Ол әдейі шақыртылған екен. «Сіздерде қан-тамыр хирург маманы жоқ. Сондықтан осында екінші ауруханада шұғыл түрде аяққа ота жасау керек»-деп шешті. Сөйтіп, жедел жәрдем көмегімен келесі ауруханаға ауысып, 20 минуттан соң ота үстеліне алып барды. Ота сәтті шықты. Араға уақыт салып, оң аяғыма да ота жасалды. Дертімді білгірлікпен анықтап, ауыр зардаптың алдын алған дәрігер Рақым Төлегенұлы қан шама жандардың көзінің нұрын қайта жайнатып, өз орталарына оралтты дейсің! Халық денсаулығының қамқоршысы бола біл ген дәрігер өз ағамдай болып кетті.
Осы жерде Қызылордадағы медициналық орталыққа барғанша менің де саулығымды қарап, құжаттарымды дайындап, білгірлік танытқан ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Амантай Нұрпейісовтің де есімін бөле-жара атап өткім келеді.