«Бәрінен бұрын мен қазақпын». Бүгін Денис Тен 27 жасқа толар еді

1566

0

Бүгін – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшы тірі болғанда 27 жасқа толар еді. Елді тек өнерімен тәнті етіп қана қоймай, асыл мінезімен көптің жүрегінен ерекше орын тапқан Теннің қайтыс болғанына биыл екі жыл толады.

Денис Тен – Қазақстандағы ең бірінші әлемдік додаға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы.

тенк2.jpeg

Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы, 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VII қысқы Азия ойындарында мәнереп сырғанаудан Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері бүгін ортамызда жоқ болса да, оның туған күніне орай толассыз құттықтаулар жазылып жатыр.

Денис Теннің Instagram аккаунтындағы ең соңғы салынған суретінің (2018 жылдың 17 шілдесі, қайғылы оқиғаға 2 күн дейін) астында адамдардың «Туған күніңмен, чемпион! Біз сені ешқашан ұмытпаймыз!» деген жазбалар үздіксіз жазылып жатыр. Теннің парақшасын әлі күнге дейін 209 мың адам оқиды.

тенк3.jpeg

Ең соңғы сұхбаттарының бірінде Денис Тен өзінің бақытты жан екенін айтады.

тенк.jpeg

Мен өзімді жолы болғыш, бақытты адам деп есептеймін. Бұл өмірде менің жолым болды. Бұл менің жетістіктеріме мүлдем қатысты емес. Менің отбасым мен қоршаған ортам,мен жетілген жылы атмосфера – менің қатысуымсыз болған жағдайлар. Қалған оқиғалар осының соңынан тізбектеліп кетті. Менің оған қосқан ешқандай үлесім жоқ деп ойлаймын, – дейді Денис Тен.

«Мен ешқашан танымал болуды қалаған емеспін»

Мен әлеуметтік желілерді жақсы көрмеймін. Ешқашан танымал болуды қалаған емеспін. Мен үшін әлеуметтік желі жауапкершілікті сезінетін адамдардың алдында есеп беру құралы ғана, – деді ол.

«Бәрінен бұрын мен қазақпын»

Мен шетелде тек мамандар мен бапкерлер үшін, тек қана кәсіби атмосфера үшін боламын. Бәрінен бұрын мен қазақпын. Барлық ой мен түсінігім бойынша мен сондаймын. Себебі, мен осында дүниеге келдім. Шешім қабылдағанда да осындағы күйіме жүгінемін. Патриотизм – рухани термин. Өз еліңді, Отаныңды сүю керек, сыйлау керек. Бірақ, мен еліме деген махаббаты сөзбен өлшемеймін. Бұл мысалы көшеде келе жатып қоқыс тастамау сияқты қарапайым дүниелер, – деді ол.

Ал 2016 жылдың 5 қаңтарында берген сұхбатында Денис Тен өзін мұз айдынында қанша жасқа дейін елестететінін айтады.

Мен, әзірге, спортта 25 жасқа дейін боламын деп ойлаймын. Әзірге. Мәнерлеп сырғанау үшін ең үлкен құрбандығым – өмірім. (күлді). Мен осы күніме жіберген қателіктерімнің арқасында жеттім, – деді Денис Тен.

Денистің өзі айтқандай, небәрі 25 жасында ол спорттан кетті. Тек спорттан ғана емес. 2018 жылдың 19 шілдесінде Денис Тен Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында  автоұрылардың қолынан қаза тапты.

Жаның жәннаттық болсын, чемпион!

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<