БАЙЫРҒЫ ҰСТАЗДЫҢ ИГІ БАСТАМАСЫ

372

0

– Адамды өмірге құлшын­дыратын да, алдағы үмітіңді шын­дыққа айналдыратын да құді­­ретті нәрсе – еңбек, – дейді байырғы ұстаз, бұл күн­дері зейнеттегі  Қарлығаш Бек­мұханбетова. – Қимылсыз қарап отыру – өмірдің мәнін кетіреді. Ауыра бастайсың, басқалардың мазасын аласың. Бұл жақсы емес. Қолдан келгенінше тыным таппаймын. Былтырдан бері жас кезімде біраз серік еткен өнерімнің бірі – тігіншілікке қайта бой ұрдым. Құрақ көрпелер құрастырамын.  Үйде түрлі маталардың қиындылары мен жыртыстары жиылып қалған екен, соларды біртіндеп кәдеге жаратудамын.
Рас, Қарлығаш апа бір­­неше көрпені құрап тас­тапты. Мата қиындыларын қию­лас­тырып, тартымды дүние шы­ғар­ған шеберлігіне қайран қал­­дық. Мұнда  түрлі қа­зақи нақыштағы оюлардан, өр­нектерден құр­алған көрпелер көздің жауын алады.
– Менің шешем Қаншай да ісмер кісі еді,  лезде бір көйлекті тігіп, тойға киіп бара жатса, қы­дырып келісімен қолғап, шұлық тоқып немерелерінің жылы жүруін қадағалайтын. Сондай-ақ, кеудеше тоқу, тұмақ тігу ол кісі үшін таңсық емес еді, – дейді осы үйге қыдырыстап келген құдағиы Орынкүл де қоштай сөйлеп.
– Айтпақшы, өзің де осы өнерден құр алақан емес едің-ау? – деп үй иесі де жайдарлана түсті.
Иә, құрақ құрай білу – қазақ үшін текті өнердің бірі. Мұ­ны қолының еп-себі болумен қатар, өнерге бейімі бар, қия­лы ұшқыр жан келістіріп атқара алады. Бояу түрлерінің үйлесімділігін де жете білген жөн. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эсте­ти­калық талап-талғамын, сұлу­лықты аңсаған іңкәр сезімін айт­қызбай-ақ танисың. Сонымен қатар, ол қыздарды төзімділікке, үнем­ділікке, шебер­лікке баулиды, жан-дү­ние­­сін байы­тып, ой-өрісін кеңей­теді.
Иә, Жаңақорған ауданы, Қан­­­дөз ауылындағы орта мек­теп­­те бірнеше жыл ұс­таз­­­дық етіп, кейіннен мектеп ди­рек­­то­­ры лауазымынан зей­нет­кер­­лік­ке шыққан Қар­лығаш Бек­мұ­ханбетова төл өне­рімізді күн­­делікті машығына айналды­рып, немерелеріне үйрету үстінде.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы,
Қандөз ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<