ТАРИХТЫ ТЕРЕҢІНЕН ЗЕРДЕЛЕГЕН

Алдыңғы толқын ағалар. Олардың өмірі мазмұнды, өнегесі үлгілі. Бұл буын санымен емес, сапасымен де, туған жылымен емес,  қосқан үлесімен де көңіл марқайтатын көрікті, төл дамуымызға белес бола аларлық, бедер қоса алған тарихи буын дегенге толық қосылар едім. 
ТАҒЫЛЫМ 26 сәуір 2014 г. 973 0

АНА ШАПАҒАТЫНАН ТАРАҒАН ШУАҚ

"Перзенттік парыз” деген сөздің жай ғана дыбыс үндестігінен тумағанын, оның астарында ата-ананы құрмет тұтудың ғасырлар бойы қалыптасқан қағидалары жатқанын өмір мектебінің ең тәжірибелі ұстаздары – әкеміз бен анамыз жастайымыздан санамызға сіңіріп өсірді. Олардың мағыналы ғұмыры, ғибратты өсиеті  бүгінгі буынның қажетіне жараса, ұрпақ жалғастығы деген осы емес пе?!
ТАҒЫЛЫМ 26 сәуір 2014 г. 823 0

КӨП ІШІНДЕ ДАРА ЕДІ

Сыбдыры сыр бермей, жүрісі білінбей, көз алдымызда зымырап өтіп жатқан қайран өмір. Тек кей сәттерде ғана ой-санамызбен саралап, көзге елестетіп, көңілге жақындатқанымыз болмаса, қолға ұстатпайтын сынаптай сырғыған уақыт-ай, шіркін.
ТАҒЫЛЫМ 22 сәуір 2014 г. 674 0

“ЖАС ТҰЛПАРДЫҢ” ЖАНЫНДА ЖҮРДІ

1964 жылы "Жас тұлпар” жастар қозғалысының концерттік-насихаттық тобы Мәскеуден Қазақстанның ауылдық жерлеріне кезекті сапарға шығатын болды. Бұл жолғы сапарымыз Шымкент облысына түсті. Бірақ та біздің топтағы байланыс институтының студенті, күйші Мырзагерей Шотқалиев жазғы өтетін тәжірибесіне орай сапарға шыға алмай қалды. Мәскеулік студенттер арасында оның орнына адам таба алмадық.
ТАҒЫЛЫМ 22 сәуір 2014 г. 779 0

ОҚТАН ОЗҒАН ӨМІР

Келісті де келбетті Баһан қария шежіренің қоймасы іспетті. Бір әңгіменің шетін суыртпақтап шығарсаңыз, көңілі келсе, әрі қарай өзі тарқатып алып кете берер. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтін  ілгергілердің тәмсілін еске алсаңыз да, көп жасағандығына сүйенсеңіз де жаңылыспайсыз. Негізі көргені де, түйгені де көп кісі болғаны. Жаратушының берген байлығы шығар, биыл бірі кем тоқсан жасқа келсе де тізесі дірілден, көзі іріңнен аман. Сөзі тетік, ісі нық, балаларына әлі күнге жөн-жоба көрсетіп, ақыл қосып отырады. Сәлемдесе келе әңгіме ауанын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандық борышын атқару кезеңіне қарай ойыстырдық. 
ТАҒЫЛЫМ 17 сәуір 2014 г. 755 0

СӘНДІ САЗДЫҢ САРДАРЫ

Мүлкаманды ойласам, өзімнің шұғылалы шағым, өмірімнің ең аяулы беттері, жарқын күн, жалынды түндерім, қуаныш, қызыққа толы жұлдызды жылдарым – студенттік кезім есіме түседі. Есіме түседі де сол жылдар бүгін екпіні еңкейіп қалған қан тамырларына жаңа ырғақ қосқандай жаным жайнап қоя береді. Жүрек жас құлындай ойнақшып, кеудеме сыймай бұлқына қалатыны бар. Қандай шуақты, қандай алқалы кез еді! 
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 1 022 0
ИІРІМ – ДҮНИЕ

ИІРІМ – ДҮНИЕ

Күрең күздің қара суығына бауырын төсеп, өзін қиындық құрсауына салып, жылы белдеуге қарай қанаттының соңын алып ұшатын қоңыр қаз деген құс болады. Таланттылардың ішінен де іріктеліп, осы азапты жолды пешенесіне бұйырған маңдайдағы жазмыштай таңдап алып хас жазушылар ғана қалады. Сондай сөз иесінің бірі – Әлмәмбет Әлішев!
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 1 504 0

МАҚСАТҚА БЕРІК ЖАН ЕДІ...

Бүгінде 60-ты орталаған біздердің қатарымыздан балалық бал дәурен мен жалынды жастықтың қызулы күндерін бірге өткізген: Жаппар, Бүркітәлі, Құттыбай, Әділбек, Шарапат, Жұмадиндердің әрқайсысы келместің кемесіне мініп, ақыреттік сапарға аттанғанда – көңілге қимастық сезіммен мұң ұялаған.
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 630 0

ПАРТИЗАН

Жеңіс күні жақындаған сайын тарих беттерін ақтара түсеміз. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты 1964-1967 жылдары Алматыдағы баспадан шыққан екітомдықты қолға алдық. Екінші томның 181-ші бетін ашқанда таныс есім жарқ ете қалды. 
ТАҒЫЛЫМ 08 сәуір 2014 г. 1 063 0

ДАРАБОЗ

Халық арасында: "Алып таулар алыстаған сайын асқақтай түседі” деген ұғым бар. Жақсы адамдар да әсте аласармайды, қайта бүкіл бітім-болмысымен ел жадында жайнап, жаңғырып тұрары ақиқат. Күні кеше ғана арамызда жүрген абызымыз, ақылшымыз – Көмекбай Қаракөзов ағамыздың тұз-дәмі түгесіліп, мәңгілік жайына аттанып кеткеніне де 7 жылдың жүзі болып қалыпты-ау. 
ТАҒЫЛЫМ 05 сәуір 2014 г. 1 091 0