Шапағат шаттығымыз ортаймасын

1124

0

Тіршілік түлеп, адам­дардың жан-дүниесі жаң­ғырып жат­қан осы күні мә­­­дениет қыз­мет­­­­­керлері өзінің өнерімен, өзгеше реңі­­мен бар­шаның қуанышына ортақ­та­сып, шаттық күйін төгеді, қуанышын әуенін асқақтатады. Сол арқылы елмен жүрегі де, тілегі де бір екенін паш етеді.

Өткен жылы елі­міз қиын кезеңді бастан кешті. Әлемге тараған дерт қадамымызды қысқартып, халықпен емен-жарқын араласуымызды шектеді. Алайда, соған қарамастан мәдениет пен өнер өкілдері елдің көз алдында болды. Әлеуметтік желі мүмкіндігін пайдалана отырып, айтулы оқиғаларда жоғары деңгейде насихаттау жұмысын жүргізді. Ұлттық өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің мәнін ашып, мағынасын түсіндіретін айдарлар тұрақты түрде жұмыс жасады.

Халықтың рухын көтеретін, жанына шуақ құятын мұндай игілікті шаралар жалғаса беретін болады.

Құрметті жерлестер, мезгіл есі­гінен енген сиыр жылы құтты жыл болсын! Наурыз шапағаты баршамыздың бере­кемізді арт­тырсын!

 Мира АБУОВА,

облыстық мәдениет,

архивтер және

құжаттама басқармасының басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<