ТҰЛҒАНЫ ТАНЫТУДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

432

0

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүр­ге­новті жас ұрпаққа таныту мақсатында «Жұрт жадындағы Жүргенов» атты Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының актерларымен кездесу кеші өтті.
Шара бары­сында респуб­ли­калық Т.Жүр­генов қорының төрағасы Сәби Аңсат, Қа­зақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орде­нінің иегері Бақытбек Ал­пыс­баев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қыз­­мет­­керлердің біліктілігін арт­­­­тыру институты дирек­то­­­ры­ның орынбасары, тарих ғы­­­лым­дарының кандидаты Сәкен Серікбаев және Т.Жүр­генов рөлін сомдаған жас актер Асқар Оразалиев колледж студенттеріне қайраткердің тар­­­тысқа толы тағдыры жайлы тағылымды естеліктер айтты.
Орта Азияға ортақ тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы өзінің өлшеулі ғана ғұмырында қазақ халқының білімі мен өне­рін дамытуға бойындағы бар қа­жыр-қай­­ратын сарп еткен тұлға.
Сонау 1933 жылы, қазақ елі қу­ғын-сүр­гін, алапат аш­тықтан аяу­сыз зардап шеккен ауыр кезеңде, сол кездегі жаңа басшы Л.И.Мирзоянның ша­қыр­туымен елге келіп, Қа­зақ­станның білімі мен мә­дениетін көтеруді зор жауап­кер­шілікпен мойнына алған Оқу-ағарту халық комиссары Темірбек Жүргенов ұлт болашағы үшін ұланғайыр іс атқарады. Ай­та­лық, Қа­зақс­тан­да қазақ тілінде оқытатын орта мектеп жүйесі осы тұста қалыптасады. Ұлт тілі, әде­биеті, тарихы сол кезден бас­тап мектепте оқылатын пәндер қатарына кіреді. Жалпы айт­қанда, сол бір 4-5 жылдың беде­рінде елімізде 22 жо­ғары оқу орны, 85 техникум жұмыс жасаған. Ал орта мектептерде 1,5 миллиондай бала білім алған.
Кездесу ­ке­ші­нің келесі ­бө­­лі­мін­де кол­ледж ­сту­дент­тері Н.Бе­ке­­жанов атындағы ­об­­­­­лыстық ­дра­ма теат­р ак­терларының қаты­суы­мен Р.Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасының желісі бойынша қойылған спектакльден үзінді тамашалады. Спектакльде әсіресе, Темірбек пен әкесі Қараның арасындағы диалог сол кезеңдегі ұлттық ұстынынан, тектілік тамырынан айырылған қазақ жұртының қасіретін айғақтайды. Әке мен баланың арасына саясат салған салқындық, бір-біріне деген ыстық ықыласын білдіруге шарасыз кейпі көңілді алай-түлей күйге түсіреді.
Колледж басшылығының айтуынша, бұл дәстүрлі шара жыл сайын өтіп тұрады екен. Шара аясында студенттер тұлғаның тарихын зерттеп, танымын кеңейте түседі. Жалпы айтқанда, жастар тәрбиесіндегі жаңашыл бастама жемісті жүзеге асырылып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<