17 ақпанда нені атап өтеді?

770

0

Бүгін – әлемде Кенеттен мейірімділік таныту күні. Мерекенің мақсаты – мейірімділікті насихаттау, адамдарды қайырымдылыққа тарту.

Бұл бейресми мереке, бұған халықаралық қайырымдылық ұйымдары бастамашы болған. 1998 жылы Токиода мейірім үшін бүкіләлемдік қозғалыстың алғашқы конференциясы өтті. Оған қатысқан мемлекеттер – Австралия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Сингапур, Таиланд, Жапония мерекені 17 ақпанда тойлау туралы шешім қабылдайды. Бұл идея әлемнің басқа да елдерінен де қолдау тапты.

Бұл күні қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, адамдар барынша мейірімділік танытады. Мәселен, көшеде, ауруханада үлкендерге жол береді, көршісіне көмектеседі, қоғамдық көлікте орын береді және тағысын тағы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<